Get Mystery Box with random crypto!

#тіркес #контекст #химия Ғылыми-техникалық аудармадан бір мыс | Жергілікті аудармерия

#тіркес #контекст #химия
Ғылыми-техникалық аудармадан бір мысал

Ағылшын тілі көбіне аналитикалық тіл болып есептеледі, яғни қабысу жолымен байланысқан тіркестер өте көп. Сондықтан кей тіркестерден, контексін білмесең, қарадай отырып шатасуың оңай.

Release compositional analysis -
-дейді.

"Анализ композиционного состава выброса" депті орысшасын.

Қазақшаға аударайық. Бірден ағылшыншасынан аударуға болады. Немесе түсініп алу үшін алдымен орысшасында проблем жоқ па, тексерейік.
Контексті қараймыз — атмосфераға шығып кеткен қоспаның құрамындағы заттектер тізілген. H2O, N2, СO2 т.с.с.
Демек бұл жерде "анализ" емес, "результат анализа" сөз болып тұр. Жалпы "анализ" сөзі мән қосып тұрған жоқ. Сондықтан, сөзді көбейтпей, алып тастауға болады. "Композиционный" дегенді лақтырып тастауға болады. Себебі контекст бойынша "композиция" мен "состав" бір мағына беріп тұр.
Сонымен: "Состав выброса" өз контексінде артық сөзсіз де ұғынықты.
Нақты мағынасы түсінікті болғандықтан, қазақшасын табу да жеңілдейді.
"Шығарынды* құрамы"
Контекстен түсінікті қандай құрамы екені, бірақ нақтылау керек болса, ұйқы тыныштығы үшін "Шығарындының химиялық құрамы" - деуге болады.


(*шығарынды — ауаға жоспарлы түрде немесе байқаусызда шығып кеткен көмірсутекті газ немесе газдар қоспасы)