Get Mystery Box with random crypto!

Жергілікті аудармерия

Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия Ж
Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия
Арна мекенжайы: @audarmeria
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 842
Арнадан сипаттама

Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударудың сәтті мысалдары

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-10-23 13:08:33 Жергілікті аудармерия pinned «Қазақша аудармаға арналған көптеген арналардан айырмасы не бұл каналдың? Айырмасы— авторының қазақ тілінің әлеуетіне, болашағына деген шексіз сенімі мен оптимизмі. Мақсатым — аудиторияны сәтсіз аудармамен күресуге алаңдаудан гөрі, әрбір қатеге мұңайып, ауызды…»
10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 12:57:03 Көпмағыналылықтың екі түрі бар.
Біреуі көрінеу.
Бас - аяғыңды бас дегендегі.
Бас- дене мүшесі.
Бұны бәрі біледі.
Одан бөлек түрін анықтау кейде басқа тілге аудармайынша мүмкін емес. Себебі бізде ол бір мағынаны білдіреді.
Мә, мысал:
- Плавать, плыть
Екі мағынасы бар: қалқу, жүзу, малту (сорян, үшеу екен, бірақ бұлар нихуя да синонимдер емес)
Плавающая крыша - қалқуыр қақпақ, "жүзетін шатыр" емес.
Орыстарда кеме де жүзеді, адам да жүзеді, боқтың кесегі де жүзеді.

Ал бізде жүзетін – кеме, қайық, ағар бағытын өзі таңдайтын мақұлық, малтитын – адам, қалқитын – боқ.
Қазақтар конкретносын айтқан ғо натуре, есжи.
Ағылшындар да бөлек екі сөз қолданады "swim", "float".
599 viewsedited  09:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 12:48:09 Бірден айтайын, мен лингвистпін, филолог емес, сендер қ ам жеп түземей тұрғанда мойындап қояйын:
Менің кайфым бүкіл тіл саласы емес. Менің кайфым лексикология, семантика, морфология және этимология саласы. Әрі кетсе грамматика.
Қай тілде болмасын.
Сондықтан, фонетика, орфография, пунктуация туралы жазғыра бермеңдер.
Лингвистпін, филолог емес - қайталаймын.
Сондықтан стильге қатысты да миды майыстырмаңдар.
Менің зерттеу объектім - мағына.
447 viewsedited  09:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 12:42:37 "Тапсырма-заказ" деген мысалымды көрдің ғой.
Бұл "бір сөз — бір ұғым" деген қате пайымның құрбаны болған мыңдаған сөздердің бірі.

Аудармашы әріптестерімді де, тіл саласына бас жіпсіз кірген байғұстарды да абдыратып, сөздік ақтартып, кеңірдек жұлысып, сөздікті жек көріп кетуіне итермелейтін феномен бар. Ол - көпмағыналылық.

Егер бір сөздің бірнеше мағынасы болатынын ескермесең, көз алдыңда тұрған баламаны қолданудың орнына, "бірақ ол сөзді біз басқа сөзді аударуға қолданып қойдық қой!" деп өмірден баз кешіп өтесің. Өз тіліңді жек көріп кетесің.
Долбоеб болма, ондай феномен барлық тілде кездеседі.
Басқа тілге кешіргеніңді ана тіліңе кешірмей не көрінді?
392 viewsedited  09:42
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 12:01:57 Ответный фланец
- counter flange/mating flange терминін қазақшаға аударамыз.

Фланец - "ернемек" немесе жарыспалы синоним ретінде "фланец" деп қалдыруға болады.
Орысшадан аударып - "қарсы ернемек" немесе "қарама-қарсы ернемек" деп аударатындар бар.
Қылмыс емес, бірақ "қарсы, қарама қарсы" сөздері фланец сипатынан гөрі, оның орналасуына ден қояды.
Бұдан дәлірек балама бар ма?
Бар: "Сыңар фланец".
Бір-біріне қабыса жалғанатын қос фланецтің біреуін "сыңар" деуге бола ма? Әлбетте. Салыстыр:
- Мына ернемектің қарсы ернемегі қайда?
- Мына ернемектің сыңары қайда?
Қазақ қосарланып келетін нәрсенің біреуін әрдайым "сыңары" дейді. Егіздің сыңары.

Найти свою половинку - Сыңарын табу.
Яғни сай келетін теңін табу.
357 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 11:44:18 Заглушка / бітеме - деген термин сөздің аудармасы жайлы.
Зауытта "бітеуіш" деген балама қалыптасқан.
Бірақ зауыттан алыс аудармашылар "бітеме", "бекітпе" деуін қоймайды.
Бекітпе - көрінеу қате аударма. Заглушка ештеңені бекітпейді.
Бекіту құлыптау, мықтап қадау, орнықтыруды білдіреді, яғни фиксация, крепеж, крепление ұғымдарына жақын.

"Бітеме" - ге келсек, көбіне "ме-ма", "пе, па", "бе, - ба" жұрнағымен етістіктен жасалған заттар әдетте етістікке ырықсыз/пассив қатынастағы сөз тудырады.

-Уіш, -гіш, -гі -кі, -қыш, -ғыш дегендер етістіктен ырықты/ актив зат есім тудырады

Салыстыр:

Сүзбе - сүзілген зат

Сүзгіш/сүзгі - сүзетін зат

Орама - Оралған зат

Орағыш - ораушы элемент

Тартпа - тартылатын зат

Тартқыш - тартушы агент

Бұлжымас заң емес, бірақ, бүрме, көрме, салма, жапсырма, тапсырма, көмбе, қойма, құйма, қазба дегендердің мысалында бүргіш, көргіш, салғыш, көмгіш, жапсырғыш, тапсырғыш т.б. байқауға болады айырмашылықты.

Яғни "ма/ме" әрекет құралынан гөрі, әрекет нәтижесін немесе әрекет әсеріне ұшыраған нәрсені білдіреді.

Глушкаларға келсек, оларды ырықты бітеу құралы ретінде қарастырған жөн деп ойлаймын. Ал бітеме деп бітелу нәтижесін, яғни "засор", "пробка" т.б. ретінде қолдануды ұсынам.
309 viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 10:14:39 Аудармашы жан-айқайы:

Білә, бір сауалнама дәңкүмент аударватрм қазақшаға, сонда сұрақ тұр, сосын қасында сұрақтың түсіндірмесі тұр, якобы топастарға.
Бірақ, сұрақтан гөрі түсіндірмесі тым қиын))) тупо білгішсу үшін қосқан сияқты
Мысалы:
"Сіз бүгін тыштыңыз ба?"
Түсіндірме: "Бұл жерде жұмысшы ағымдағы күні өзінде дефекация актімен айналысу фактісі болған-болмағанын көрсету керек."
Әжессстің мылжыңдары нақ, менің жұмысым түсініксізді түсінікті қылу яптваймайттар, мозганы тоңқайту емес
273 views07:14
Ашу / Түсініктеме