Get Mystery Box with random crypto!

Аударма ісінің сіз үшін қызығы неде? Мен үшін бұл — (табыстан | Жергілікті аудармерия

Аударма ісінің сіз үшін қызығы неде?

Мен үшін бұл — (табыстан бөлек) танымның бір түрі. Пафостылау шықты, иә.
Жалпы, аудармашылардың екі полюсін байқадым, бірі — қабат-қабат мәтінді тонналап аударудан жалықпайтын, тіпті әр бетіне алатын ақысын ойша есептеп, түпнұсқа тілінің неғұрлым қарапайым, аударма процессінің неғұрлым жеңіл болғанынан кайф алатын аса өнімді аудармашылар, аударма ісіндегі қара жұмыстың едәуір бөлігін солар жасайды.
Екінші түрі — шығармашылыққа жақын, қиялшылдар, өнімділігі төмендеу. Бірақ жалқаулықтан емес. Жалыққыштықтан. Бұлар кіржуғыштың он бет нұсқаулығын аударғанша немесе елу беттік келісім-шартты аударғанша, аналитикалық қауқары мен пайымдық ресурстарын сан-саққа жүгіртетін, миының өзі білмейтін түкпірлеріне күш салатын санаулы беттен тұратын танымдық дүниелерді аударғанды құп көреді. Жұмыс үшін жұмысты емес, ізденісті жақсы көреді. Таным саяхаты еліктіріп әкетеді.
Біріншілер үшін екіншілердің көзқарасы — көрсеқызарлық, әурешілік, "қара" жұмыстан қашу амалы.
Ол да рас болар. Ой еңбегімен айналысуды таңдағанда, аудармашының көбі геморррой болуды, көзі көт болғанша мониторға безірейіп, омыртқасына килограмдап тұз жинауды армандамағаны анық. Бірінші кезекте миыммен жұмыс істесем деп ойлайды ғой.
Ал сіздіңше аударма кәсібін адамдар не үшін таңдайды?
#аударма #сан #сапа #өнімділік