Get Mystery Box with random crypto!

Жергілікті аудармерия

Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия Ж
Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия
Арна мекенжайы: @audarmeria
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 842
Арнадан сипаттама

Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударудың сәтті мысалдары

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-04-26 02:03:23 Но все эти избитые выражения в деловом английском, все же имеют свою логику и пусть хоть и изрядно затасканную, но какую-никакую образность и лаконичность. Чего не скажешь о до смерти скучных, многословных, бессмысленных и беспощадных канцеляризмах в русском языке, также тянущихся со времен царских грамот и писем.

https://wiki.optimism.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D1%86%D0%B5%D0%BB%D1%8F%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D1%8B_%D0%B2_%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82%D0%B5
192 viewsAskar Bazarbay, edited  23:03
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 01:29:31 Guys & gals, I seem to have finally found a US counterpart of our famous cliché destroyer Nazgul Kozhabekova.
Above are some of the most annoying business cliché for you to know (if you didn't) and to avoid using at all costs in the future.
It just struck me, that most of what is wrong with our modern Kazakh is not so much about the lack of knowledge or skills, but the lack of common sense and and about the temptation to sound smarter than we think we are.
But to the trained ear that listens to good speakers and an eye that reads fine literature you actually sound dumber than you are.

The very first reason that we have to deal with so many phrases that sound foreign, is that we, kazakhs, have been handling our documents and using kazakh in official business setting for only a couple of decades.
Kazakh had to catch up with all the russian cliches and stamps in business and government affairs, and in doing so we had to cover thousands and thousands and thousands of concepts and phrases. Before, Kazakh Language was not an official language of our country, that is why only struggled to translate highly technical terms. But business language and the flow of documents became a reality several years after we got our independence.

And that trend will not slow down any time soon. We might just switch the source language (English is the obvious candidate ).
Which makes this list all the more interesting and useful.
#clichè #buzzwords
196 viewsAskar Bazarbay, edited  22:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-26 01:29:30

193 viewsAskar Bazarbay, 22:29
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 19:36:09 Аралас тілдің екінші бір түрі, керісінше қазақ сөздерін орысша морфологияға, грамматикаға салып айту.
Бұл тіл негізінен тілі орысша шыққан, бірақ қазақша сөйлеуге кейін мәжбүрленген ортада пайда болады.
Екеуі де бар Қазақстанда. Бұл процесс ғасырлап, әрі ешкімнің жүйкесіне тимей, білінбей жүзеге асады.
Алайда, тілге саясат әсер етсе, жасанды ықпал жасаса, реттеуге, кей процестерді қоздыруға, қыздыруға, алалап, таңдап қаржыландыруға тырысса, бұл процесс тым жылдам әрі ұсқынсыз жүреді. Иә, филологтардың қайғысына орай, бұл ұсқынсыздық — кешегі шақта орыс тілінің, бүгінгі шақта қазақтың тіл саясаты мен науқаншылығының салдары болды.
86 viewsAskar Bazarbay, edited  16:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 18:31:04 "Аралас тіл" — қостілділік кең тараған жерде пайда болатын ортақ тілді білдіретін термин. Аралас тілде әдетте бір тілдің сөздік қоры екінші тілдің сөйлем құрау заңдарына бағынады.
Мысалы' мына сөйлемдегі 65 пайыз сөз орысша, бірақ құрылысы мен кей сөздері қазақша:
"Да и вообще, любой языктың основной стержені ритм ғой. Ал қағаздан охқанда ритм жоқ, интонация жоқ, монотонно зудыратад".
Дей тұрғанмен, бұл жаман құбылыс емес, бір біріне туыс емес тілдердің араласуы тарихи, саяси өзгерістердің салдары ретінде дүние жүзінде ежелден бар, бірақ соңғы бірер ғасырда адамдар арасында мәдени қарым-қатынастар жиілеп кеткендіктен, аралас тілдер көбейген.
Лингвистер аралас тілдерді мәдениеттер түйіскен жерге тән қалыпты табиғи құбылыс деп біледі. Соның бірі "медиа ленгуа" Перу елінде пайда болған Кечуа тілінің бір түрі. Грамматикасы Кечуа (ежелгі инка өркениетінің тікелей мұрагері) халқыныкі, ал лекскикасы Испан халқыныкі.

Бұл жасанды емес, табиғи қалыптасқан тіл.
147 viewsAskar Bazarbay, edited  15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 00:29:53 Басқыншылыққа қарсы санкциялар салдарынан Lipton ішіп, Doritos пен McDonalds жеуден
“аузы қағылған” Ресейлік бір бойжеткен “Енді не жеймін, туған күніме не сыйлық алам енді?” деп ебіл-дебіл жылап түсірген видеосы Reddit порталында түседі.
Сонда біреудің: “Crimea river” деген пікірі лайктың астында қалыпты. Кей біреулер бұл пікір авторына: “мықты!”, “Интернет сіздікі”, деп мадақ айтып жатыр.
Неге деп ойлайсыз?
Бірнеше себебі бар.

Crimea river - сөзі бір тұстан “Қырым өзені” дегенді білдірсе, екінші тұстан
“көзің ақсын!”, “осы сен мүләйімсімеш” дегенді білдіретін “cry me a river (сөзбе сөз «өзен жылап бер маған») - деген тіркеспен үндесіп тұр.
Яғни, пікір бірнеше деңгейде видео авторын тұқыртып тұр.
Аңғолдар мен әміркендер қызыққа сөз ойнатқанды жақсы көреді. Мен де.
#wordplay #pun #каламбур #ukraine #stop_war
452 viewsAskar Bazarbay, edited  21:29
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 17:13:51 Жергілікті аудармерия pinned «Калькада да калька бар, нақыштысы бір бөлек. Кальканы қанша жек көрсек те, оның төркінінде өрісі тар тілді өрісі кеңдеу тілдің екпінінен, кірме сөздер толқынынан аз да болсын аман сақтап қалу (ал оған төтеп бере алмаса, онысын жасыруға тырысу) ниетінен туған…»
14:13
Ашу / Түсініктеме
2022-03-27 17:09:04 Калькада да калька бар, нақыштысы бір бөлек.
Кальканы қанша жек көрсек те, оның төркінінде өрісі тар тілді өрісі кеңдеу тілдің екпінінен, кірме сөздер толқынынан аз да болсын аман сақтап қалу (ал оған төтеп бере алмаса, онысын жасыруға тырысу) ниетінен туған шартты рефлекс жатқанын ұққан жөн.
Шетелше біткен ойың мен сауатыңды қазақтарға төте жеткіз деген жаппай талаптан туған тірлік.
Тірлік, ниет, талап талантқа сай келе бермейтіні бәріне мәлім, бірақ науқаншылықта әсіресе қатты білінеді.
Кемшілігіңді мойындай білу — есею белгісі. Оныңа күрсіне таусылып, қара аспанды төндірмеу де сондай даналық.
Бірақ біз қазір ұлт ретінде кемшілік мойындай білмейміз. Қор еместі қор көреміз. Ұят нәрсені мақтан етеміз. Көзілдірік тағуға намыстанып, сүрініп, қабынып, шалшық кешіп, маңдайын әр ағашқа бір соғып жүрген ақкөңіл жандармыз.
"Кірме сөз", қараңдаршы қазақша терминнің өзі бөтен сөзді жатырқауға шақырып тұрғандай. Ал ағылшын, орыс, түрік халықтары бұларды "алынған" сөздер деп, өз тілінің тағдыры тек өз қолында екенін білдіреді. Яғни, "алдық" деп тұр.
Ал қазақшаға сенсек, бұл сөздер еркімізден тыс, өздеріне жан бітіп, бас жіпсіз аузымызға кіріп кеткендей. Күштеп енгізілгендей. Бәлкім солай болған да шығар. Апат екпіні бір бұқтырса, үркіншілік мың бұқтырар.

Тілдегі жалпы үдерісті анықтап, оны басқа арнаға бұрудың дәл сондай жолын көлденең тарта алмасаң калька, кірме сөз дегендердің жеке мысалдарына таусыла бермеген дұрыс-ау деп түйдім. Себебі, көптің тілі су сияқты кедергісі аз арнамен тезірек ағады.

Орыстың көне қазитінен алынған мына бір үзіндімен осы әңгімем тәмам болсын:
„По дороге движется, возбуждая общее внимание, громад­ный мотор-дилижанс, который уже успели окрестить безвкус­ные писаки уличных газет диким словом „автобус».Бездарное время родит бездарные новые слова. Глупое слово „автобус» совершенно не подходит к этому блестящему, элегантному сооружению» („Голос Москвы» 1907 г., № 142, 2)
#калька #шишков #карамзин #перевод #трехъязычный #заимствования #loanwords #кірмесөз
1.3K viewsAskar Bazarbay, edited  14:09
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 15:19:17 Термин аудармасында, әсіресе құрал-құрылғы, сайман- тетік атауларына балама табу үшін жиі етістікті заттандыру қажеттілігі туады. Қазақ тілінде заттандыру жұрнақтары өте көп. Тек соны орнымен қолдану керек. Әйтпесе, "ағын, ағыс, ағым, ақпа, аққыш, ағыс" деген сөздердің айырмашылығы болмас еді.
Немесе " сұраныс", "сұраным", " "сұратым", .тб
Қарапайым мысал ретінде, "blind" /"заглушка"- ны алайық. (Upd.: Plug/Пробка/тығынмен шатастырмау ләзім)
Желідегі жабдықты оқшаулау үшін кіре берісі мен шыға берісіне орнатылып, құбырдағы ағынның жолын бөгеп тастайтын табақтай бәле.
Не дейміз оны?
1. Бітеме
2. Бітеуіш
3. Бітегіш
4. Басқа?

Бір қарағанда еш айырмасы жоқ сияқты. Содан ба, аудармашы ойында "құлағыма жаққанын таңдай берсем болады" деген жалған жайбарақаттық туу мүмкін.

"Бітемеге" келсек, -ме/ -ма, -пе/-па, -бе /- ба жұрнағымен жасалған есімдер әдетте етістікке ырықсыз, яғни пассив қатынастағы сөз тудырады.

Уіш, гіш, гі кі, қыш, ғыш дегендер етістіктен ырықты/ актив зат есім тудырады

Салыстыр:

Сүзбе - сүзілген зат

Сүзгіш/сүзгі - сүзетін зат

Орама - Оралған зат

Орағыш - ораушы элемент

Тартпа - тартылатын зат

Тартқыш - тартушы агент

Бұл заңдылықты "бүрме", "көрме", "салма", "жапсырма", "тапсырма", "көмбе", "қойма", "құйма", "қазба", "үйме", дегендердің мысалын бүргіш, көргіш, салғыш, көмгіш, жапсырғыш, тапсырғыш, құйғыш. үйгіш, тағы басқалармен салыстырып, байқауға болады айырмашылықты.

Бізге керегі — "заглушка" ұғымы ырықты бітеу құралы, яғни бітелетін емес, бітейтін зат, "бітеуіш".

Ал "бітеме" деп бітелетін нәрсені немесе бітеу барысының өнімін/нәтижесін/салдарын айтсақ болады.

Бұл — доктор диссертациясынан немесе жоғарыдан бір дөкейлер бекіткеннен туатын ереже емес, аталарымызға сан ғасыр қызмет етіп, барынша қолайлануға бекіген тілдің төл қасиеті.


#жұрнақ #морфология #жалғау #қазақша #техаударма
740 viewsAskar Bazarbay, edited  12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-03-25 19:33:31 "Ұлт ұстазы" фильмінен кейін, өз басымда
Байтұрсынов ол салада көзі тірісінде-ақ аты аңыз болып, өзіне шартараптан білімді, талантты полиматтарды магнитше тартқан харизмат болғандай әсер қалды.
Өткенде ағылшыннан аударған өз мақалама жанкүйер бір оқырман "Байтұрсынов деңгейінде аударыпсыз" деп асыра мақтады. Бетіміз қалың ғой, күнде еститіндей мәз болып, қабыл алдық.
Бірақ, ондай мақтауды туғалы оқырман тұрмақ, әке-шешемнен естімеппін.

Алайда қайта жуасып, өз қалпыңа келу үшін тіпті өткен ғасыр ұстаздарының маңдай алды шығармаларын ЕМЕС, олардың кәдімгі бір-біріне жазған хаттарын, күнделік үзінділерін, мақалаларын оқысаң жетіп жатыр. Өлләһи, дереу момынсып, тілдің адал Ланселоты емес, қылышын боққа шапқан Дон Кихоты екеніңді түсінесің.

Телжан Шонанұлы 1926–1929 жылдары Қызылордада Қазақ Халық ағарту институтында оқытушы болып жұмыс істеген лингвист, педагог, аудармашы.
Бұл кісінің еңбектерін интернеттен кездейсоқ тауып алдым. Бірақ, бұл кісі Алашшыларды белсенді қолдап, А. Байтұрсыновпен бірге тіпті латынша әліпби жөніндегі комитеттің құрамында болған екен.

Сол Телжан атамыз 1929 жылы жазған мақаласынан бір қызық үзінді:

"Бұрын әркім өз білімінше кез-келген жерге «ы-і» әріптерін жаза беретін. Баспаханадағы «ы-і» жетпей шатақтар туатын ( - Ж.А.). Аудара қарап, ақтара тексерген соң кеңес: екі буын ішінде де үнді мен үнсіз дыбыстар арасына дауысты дыбыс салмай сыбай тұратынын ашты ("бірге тұратынын анықтады" - Ж.А.). Мысал: «қарт, ұлт, төрт» сияқты. Сондықтан анық естілмеген жерде бір буында сыбайлас (қатар келген- Ж.А.) үнді мен үнсіз арасына «ы-і» салып жазудың керегі болмай қалды. Бұл «ы-і» аз да болса кемуіне себеп. "

Осыдан жүз жыл бұрын өзіміздей ғана аудармашы, лингвистің еңбекқорлығы, талмас қажырлығы, сауат дегеннен жұрдай халыққа деген үміті мен оптимизмі өзін ақтады ма?
99%пайыз әріп танитынымызды, қатесі үшін қаймана қазақты кекеп-мұқаған, жазу-сызуы жоқ елдерді мүсіркеген тоқмейіл кескінімізге қарасам, өз заманының аманатын толық атқарған сияқты.
Дамыған әлемнен елу жыл емес, бірнеше ғасырға қалып қойған қазақты үздіксіз алға сүйрелеу жүгін осы адамдар қалай ғана паңданбай, кердеңдемей, арқалады екен?
Әрине, Сталин салған үлкен сойқанда атылып кетті. Еш риясыз жасаған еңбегін оқысаңыз, "не жазығы болды?" деумен жылап қаласыз.
Сол кезде еті тірі ақыл-парасат иесіне "атылмай қалу" масқара болса керек-ті.
Не жазсақ та, қанша жазсақ та, қалай жазсақ та олардың
тырнағына да татымаспыз.
Бірақ сыйластыққа рақмет!

#емле #ағарту #аударма #қазақ_тілі
2.2K viewsAskar Bazarbay, edited  16:33
Ашу / Түсініктеме