Get Mystery Box with random crypto!

#контекст #ситуация Тіл сөз емес, тіркестен құралатынын айты | Жергілікті аудармерия

#контекст #ситуация

Тіл сөз емес, тіркестен құралатынын айтып жұрт құлағын тауысам ғой.
Сәл толықтыруды ұмытып кете берем. Тіл сонымен бірге ситуациямен тығыз байланысты.
Салалық контекст өз алдына, бір саланың ішінде бірнеше контекст болатын, әрі соған қарай әртүрлі сөз қолдануға мәжбүр болатын жағдайлар да кездеседі.

Бүгін аузым күйген аударма:
"Early Oil Production" - сөзі.

Мұның жалпы анықтамасын гуглдан қарасам, дәстүрлі мұнай өндірісімен салыстырғанда мұнайды ертерек шығарып алу тәсілі екен. Яғни, өндіру жылдамдығы алға қойылады.
Орысша "Опережающая нефтедобыча" .
Сәйкесінше, "Жеделдетілген мұнай өндірісі" ұсынылды.

Ескерілмегені:
1. Early Oil Production - сонымен бірге әлдебір жоба аясында өндірілген алғашқы мұнай көлемін білдіруі мүмкін.

2. Жалпы Мұнай өндіру саласының тарихы контексінде, ертеректегі не тіпті ежелгі мұнай өндіру тәсілдерін білдіруі де мүмкін.


Сондықтан, сөздіктегі баламаны алға тартып қызыл кеңірдек болуды да, екі тілді сөздікте ондай мағынасының жоқ екенін алға тартып, баламаны жоққа шығаруды да түсінбеймін. Егер аудару мәселесінде әлдебір сөздік соңғы сөзді айту хақына ие болса, ол — түсіндірме сөздік.