Get Mystery Box with random crypto!

Жергілікті аудармерия

Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия Ж
Telegram арнасының логотипі audarmeria — Жергілікті аудармерия
Арна мекенжайы: @audarmeria
Санаттар: Тілдер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 842
Арнадан сипаттама

Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударудың сәтті мысалдары

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

3

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-10-27 16:01:56 Кейде жалқы сөздер мағынасы кеңейіп, өрісі дами түседі, ал кейде жалпы сөздердің мағынасы деградталып, жалқы мағына беретін боп қалады.

Кезінде орыстар "Член" дегенді "орган", "часть" орнына да қолданушы еді. "Расчленить" (мүшелеу, бөлшектеу) деген сөздерде әлі қап-қойған бұл мағынасының ізі бар.
Ағзаның басқа мүшелерінің бәрінің тегіс үйреншікті орысша атауы болды - сердце, печень, мошонка.
Ал тасаққа орыстар орысша тәуір балама таба алмады.
Консилиумда "Хуй" дейін десе ұят, ал "пенис" - деген латынша атауын ол кезде тек оқымысты медиктер қолданатын. Бұт айналасындағы әңгімелер медицинаның шекарасынан асып, оған қатысты табу ноқтасы үзіліп, тақырып мәдениетті ортада сөз бола бастады. Бұл — яғни 1985 жылдан бері қарай КСРО-да демократия желі ескенімен, ағылшын мәдениеті әлі дендемеген кез еді. Әлқисса, "пенис" сөзі ел арасына кіріп болмады. Ақыры мәдениетті ортада кәдімгі шопақты "Владимир Вольфович Жириновский" дегендей толық аты-жөнімен "Мужской Половой Член" - деп атау ұйғарылды.
Бірақ халық жалқау ғой. Жыныс мүшелері туралы тақырыптар бұрыңғыдай ажиотаж тудырмайтын болды. Сәйкесінше, оған публиканың деген асқан құрметі де азайды. "Вовка ма баяғы" дегендей, "Член" дей салатынды шығарды. Лингвистика деген қасқа филологтарды емес, халықты тыңдайды ғой түбінде. Сондықтан, тасақ "Член" - сөзінің бір мағынасы ретінде сөздікке де енді.
Қазақтар (кемі олардың саналы бөлігі) бұл трендке соншалықты ере қоймаса да, презервативті "мүшеқап" деп аудару арқылы өздерінің орыс халқымен бұл мәселеде ынтымақтастығы барын білдіріп қойды.
Десек те,
"Части тела" деген сөзді қазақшаға "Дене бөлшектері" деп аудармай, "Дене мүшелері" дей берсек, әлі де еш сөлекеті жоқ деп ойлаймын.

Шөлп
413 viewsAskar Bazarbay, edited  13:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 14:54:19
"Deepl" деген кішкентай неміс компаниясы бірер жылда авто аударма саласында Гугл, Майкрософт, Яндекс сияқты дөкейлерді арттан айдап алады.

Әлден-ақ орысша-ағылшынша ж.т.б. кеңінен тараған бағыттарда Гуглдан гөрі Дипл мықты екенін ауыз толтырып айтуға болады. Екі ауыз сөзбен айтқанда, екеуінің әуселесін мына мысалға қарап шамалай беруге болады.
Минусы: қазақшасы жоқ.
398 viewsAskar Bazarbay, edited  11:54
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 11:29:54 "Донер на углях" дегенді "Шоққа піскен дөнер" деп аударған екен. "Көмір" демегеніне риза болып, алғыс айттып кеттім.
Атырау қаласы, Сатпаев көшесі, 15 "г"
Қате тергенше, осындай сауатты қазақша көрсем жарнамалап жүрем енді. Қалыпты жағдайға айналғанша.
393 viewsAskar Bazarbay, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 06:19:22 "Кондиционер" сөзін қалай аударамыз?
Егер тұрмыстық кәндесәнер болса, әрі сол тұрмыстық мәнін ғана нақты беру керек болса, дәл солай "кондиционер"дей береміз.
Ал "ауа баптағыш" деген сияқты баламаларды тек жалпы жабдық категориясы екенін екшеу қажет болса қолданамыз. Системы кондиционирования - "Ауа баптау жүйелері".

Қолданысқа сіңген тұрмыстық заттарды қанша жерден оғаш көрінсе де, тұрмыстық стильде айту, жазу әбестік емес. Тек техникалық салаға тасымасақ болғаны.
450 viewsAskar Bazarbay, edited  03:19
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 04:53:20 Computer hardware - Компьютор темір-терсегі
Computer software -
Компьютор жарғы-жарағы деген нұсқа кеп тұр.
Меніңше, "бағдарламалық жасақтамаға" лайықты қарсылас.
434 viewsAskar Bazarbay, 01:53
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 20:24:03 - Вы продаете рыбов?
- Нет, просто показываю.
- Красивое..
Неге сөйлеудің дұрыс формасына қарағанда қате формалары тез тарайды? Біреу қате айтады, қалғандары іліп әкетеді. Әдейі.
Лингвистикада бұл "эрратив" деп аталад, әрі тіл феномендерінің ішінде эрративтің менің жүрегімде алар орны бөлек деуге болады.
Мысық мемдері өз алдына,
әдейі тіл ережесін бұзып, шетелдік құсап сөйлеу арқылы пайда болатын әрі соның арқасында жадыңа мәңгі басылатын тіркестер бұрыннан бар. Олар әдетте тілді емес, сол тілді ұқпайтындарды немесе нашар игергендерді мазақтау ниетінен танымал болады.
Мысалы: "Моя твоя не понимай"
Чукча халқын мысқылдау үшін шыққан, кейін орысша білмейтіндердің бәріне қолданыла бастады.
"Я вас не понимаю" десең, проблема сенде сияқты. Ал
"Моя твоя не понимай" деген кекесінді тіркес арқылы, сен оған "түсінбейм, түсінгім де келмейд" деген дөрекі ишарат білдіресің.

Немесе, "А сам-то по-русски ни бельмеса!"
"Бельмеса" бұл жерде бұрмаланған түркі сөзі. Күлсең чуркаға күл дегендей пайымнан шыққан болар.
Осындай нәсілді мысқылдаған тіркестер ағылшын тілінде де бар.

"No can do"
Бір қарағанда қате сияқты. I can't do - дегенді ғана білдіреді. Екі қарағанда да қате. Бірақ, АҚШ-та бұны "қолымнан келмейд екен". "Өйте алмайды екем", "Білә, братуха, дым ренжіме" деген мағынада айтады...

- Can you lend me a couple of benjies for a week or so?
- You broke ass n@#%r ain't givin it back tho, sorry, no can do...
Қызығы, бұл сөз де ағылшынша сөйлеуге қиналатын азиялықтарды мысқылдаудан шыққан тіркес.
Тұрақты тіркестердің мемдерден еш айырмашылығы жоқ.
Тек "мем" десек барлығы "о қызық бірдеңе!" деп қалад, ал "тіркестің тарихы немесе фразеологизмның этимологиясы" десең — өкініш орай.
Әгәрәки, мына арнада қазақы тіркестердің сиқы ара-тұра омақаса бұзылып (әне тағы біреуі кетті) сізге үйреншікті сөйлем тәртібі астан-кестен боп жатса, ол менікі кінәлім емес.
Тасыңызға тамыр бітсе де, тіліңізге сүйек бітпесін.
Эрратив пен қарадүрсін надандықтың айырмашылығы — эрративті қолданған адам, әдетте, нормативтен түбегейлі хабардар.
Просто, біреу салған Сара жолмен, қанша жерден Алпысовна болса да, жүре беруден іші пысад, әкесстің.
Пис!
1.2K viewsAskar Bazarbay, edited  17:24
Ашу / Түсініктеме
2021-10-24 21:48:21 Не десең о де, математиканы жек көретін адам мықты лингвист бола алмайды. "Мықтысы" нес, тупо лингвист бола алмайды, содан бастайықшы әкесінаузсгин.
Дәл сол себептен, нейрожелілерге жүгінген аударма (гуглтранслейт, дипл) 50-60 пайыз аудармашылардан артық аударады. Болашақта бұл пайыз тек өсе береді.
Компьютермен шахмат ойнаудың ағартушылық болмаса, сайыстық мәні қалмағаны секілді, болашақта нейрожелі негізіндегі аудармамен жарысудан да мән кетеді.
Неге? Себебі нейрожелілер адамнан жылдам үйренеді.
Дәл қазір гуглтранслейттектес қызметтердің адамнан жеңілетін тұстары адам тұрмыста сирек қолданатын салалар, бұл әрине, көркем әдебиет саласы.
Бірақ, нейрожелінің жинақтау, талдау қабілетінің геометриялық прогрессиясын ескерсек, әрі ең пиздатый деген аудармашының жинақтау, қорыту, талдау қасиетін қарттық пен өлім шектеп тынатынын ескерсек, бұл ептваймайттың желілері "Мортал Комбаттағы" Шаңцунг секілді ең мықты мамандарды шақырып алып, сөздің тура мағынасында өлгенше сайыстырып, бойындағы бүткіл аудармашылық талантын сорып алып, мүрдесін далаға тастайды да... әрі қарай лиләкулеп жұмыс істей береді. "Тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын" деп пе еді Расул Ғамзатып? Уот, Расулдар қырық рет өлсе де, авар тілі өлмейтін замандар келе жатыр. Тек ол үшін небары, IT саласын меңгеріп, математиканы сүйетін Ғамзатовтар керек. "Қазақша "гуглтранслейт" масқара ғой әлі, адам ұққысыз!" -деп жылай берме сен де. Қайта, өмірдің бұл думанында тіліміз көзі тіріде, мемлекеттік статуста жетіп, қимылдары оғаш, қозғалысы ерсі болса да танцполды бермей ойқастап жүргеніне шүкір ет.
497 viewsAskar Bazarbay, edited  18:48
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 17:34:52
"Бүлдөзір" сөзінің тарихын білесіз бе? "Бульдозер" – ағылшын, дәлірегі әміркен ағайындар ойлап тапқан "Bulldozer" сөзінен шығады.
Жер жыртатын, тегістейтін ауыр техника. Ағылшынша не білдіред? Өгіздің ақысын ақтаушы? Өгіз мөлшерін игеруші?
Сөйтсем, "бүлдөзір" бұқаланғандар, дөкейлер, тықсырушылар", "өгіз кейіптілер" дегеннен бұдан небары 90 жыл бұрын ғана шыққан сөз екен.
Басында жаргон ретінде қолданылған. Кейіндеу ресми атауға айналған. Ол сөз қабылдануы үшін Британ Патшайымы алдында қаражорға билемеген ешкім. Жай қаратабан халыққа жаққан.
Қазақтың да техникалық терминдері филологтар болмаса да дамиды деп ойлайм кейде. Тіпті өндіріс көрмеген кәбейнет мамандары азая түссе, хаям да жоғалтпаймыз. Қайта терминдерге екінші мәрте жан бітер ме еді. Білмесеңіз – біле жүріңіз "Аулақпар" деп Қызылордада бульдозерді айтады. Басқа еш жерден бұл терминді естімегем.
Этимологиясы "Алаху Акбар" деп бет сипаған ишараттан шығады. Ешқандай лингвистикалық консилиумсыз, алдымен мем, сосын термин боп ел ішіне тарап кетті.
726 viewsAskar Bazarbay, edited  14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 16:02:57 Жоғарыдағыдан бөлек, атың өшкір "рекомендация" бар. Ол да сол ауылдан, тек реңкі жұмсақтау демесең, жағдайға қарай ол да бірде нұсқау, бірде ұсыныс айту, бірде кеңес бола береді.

"Предоставил рекомандации по работе с клиентами " деген жерде," ... клиентпен қатынас құру жөнінде ұсыныс ұсынды" демейсің ғой.
Нұсқау берді, ақыл-кеңес айтты.

"Дал рекомендацию сотруднику" десе, онда мүлде басқа "Қызметкерге оң мінездеме берді".
658 viewsAskar Bazarbay, edited  13:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-23 15:44:14 Инструкция, процедура, инструктаж, указание, предписание т.б.
Нұсқаулық, нұсқамалық, нұсқау, нұсқама т.б.
Осының барлығын миқата боп шатастырмаудың амалы бар ма, зайыбал? - дейді біздің аудармерияға түскен жас мамандар. Бұның қиындығынан орыстардың өзі шатасады, себебі ағылшынша да instruction мен procedure - сөздері үнемі процедура және инструкция боп сәйкесінше аударылмайды.
Асылып өлейік пе енді?
Асықпа. Тәуір аудармашы онсыз да аз.
Жолын айтайын:
Бұлардың барлығының қызметі бір — адамға жөн сілтеу. Тек бірі — әрекет, процесс, яғни ауызша беріледі не өткізіледі, бірі — дайын құжат, жазылған мануал түрінде келеді. Басқа айырмасы жоқ.
Сондықтан контекске сүйенейік, алтындарым, сөздік бұл жерде бізді одан бетер шатастырмаса, көмекші болып қарқ қылмайды. Контекске сәйкес, инструктаж да, инструкция да (предписаниеден басқасы) ауызша берілетін болса, онда ол нұсқау болады.
Қағазға басып шығарылған бетте ол нұсқама, нұсқаулық, нұсқамалық болады.
Болд. Дым қиындығы жоқ.
621 viewsAskar Bazarbay, edited  12:44
Ашу / Түсініктеме