Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілік кезінде рұқсат етілмеген Жүктілік-әйел адамның өм | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жүктілік кезінде рұқсат етілмеген


Жүктілік-әйел адамның өмірінің ең керемет кездерінің бірі
Әрі болашақ ана өзінің денсаулығына және құрсақтағы сәбиін аман сау дүниеге алып келуі қажет.
Жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп мәжбүрлі түрде дәрі қабылдайтын сәттер болып жатады
Дәрілеріміздің барлығы сырқатымызды жеңуге көмектесетін шығар, бірақ құрсақта жатқан сәбидің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін
Яғни
кез- келген дәрілік препарат жүктіліктің 12 аптасына дейін қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі бұл уақытта эмбрионның жасушалық деңгейдегінде түзіліп, қалыптасады.

50/50 — әйел адамның денсаулығына дұрыс әсер ететін болса, қабылдауға болады.Бірақ медицинада жануарларға да ,жүкті әйелдерге де зерттеулер толық жасалынбаған...Дегенмен осындай дәрілер тобын былайша бөліп қарастырсақ болады:
Практикада қолданыста бар, салыстырмалы түрде қабылдауға болатын дәрілер:
Ыстық түсіретін(парацетамол)
Вирусқа қарсы(нақты дәлелденбеген,бірақ та 2 триместрден бастап,жедел ауырғанда тағайындалады)
гормональді:(инсулин, преднизолон, дексометазон,прогестерон)
антибиотиктер(пенициллиндер,цефолоспариндер,сульфаниламидтер,аминогликозидтер) ,
қан қысымын түсіруге арналған(допегит,фенобарбиталдар)
антидепрессанттар
астмаға қарсы(эуфиллин, теофиллин)
асқазан-ішек жолдарының бұзылысы кезінде т.с.с. Айта берсек көп...

Ал мүлдем қабылдауға болмайтын дәрілерге :
рак ауруына қарсы қолданылатын препараттар
антибиотик кейбір топтары (хинолондар,тетрациклин, стрептомицин)
психотропты дәрілер

Бұл препараттар жүйелі түрде ұзаақ қабылданса, ұрыққа әсер ету қауіптілігі жоғарылай түседі. Сондықтан жеке дәрігеріңіздің қарауынан, барлық зерттеулерден өтіп тағайындаған соң ғана қабылдаңыз!

Ал сіз жүктілік кезінде қандай дәрі қабылдадыңыз? Не үшін?

Құрбыңызбен бөлісіңіз