Тілге қарап қай жеріңіз ауыратынын Қалай анықтауға болады. | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥
Тілге қарап қай жеріңіз ауыратынын Қалай анықтауға болады.
⠀
Сау адамның тілі қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келеді.
⠀
Ал тілдегі патологиялық өзгерістер мыналар:
⠀
Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуының белгісі.
⠀
Тілдің қараюы – антибиотиктерді шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердің едәуір жетіспеушілігі кезінде байқалады.
⠀
Тілдің сарғыштануы – бауыр мен өт қабының аурулары кезінде немесе темекі шегу, кофе ішу нәтижесінде болуы мүмкін.
⠀
Қоңыр тіл – ішек қызметінің бұзылуынан болатын өзгерістер, дәрілерге аллергияның нәтижесінде де болуы мүмкін.
⠀
Тегіс жылтыр тіл - бауыр қызметінің көрінісі. Тілдің құрғақтығы ұзақ уақыт бойы сақталса, ол қант диабетінің әсері болуы мүмкін.
⠀
Жарық тіл – асқазан, ішек жолдарының бұзылыстарынан пайда болады.
⠀
Таңертеңгілік ұйқыдан тұрғанда тілде тіс іздерінің болуы шаршаудың және жүйке күйзелістерінің белгісі.
⠀
Ақ немесе сарғыш-қоңыр қалың қабықтың болуы – иммунитеттің әлсіреуі немесе асқазан-ішек жолдары ауруларының көрінісі болуы мүмкін.
⠀
Бұл белгілер түндегі және ашыққан кездегі және тамақтанудан 2-3 сағаттан кейін пайда болатын ауру сезімімен бірге болса, дерттің шынымен-ақ болуының мүмкіндігі 100 пайызға дейін жетеді.
Аналарға кеңестер