Get Mystery Box with random crypto!

Жүктілік кезінде Токсикоз мазаласа… Жүктілік кезінде әйелде | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Жүктілік кезінде Токсикоз мазаласа…

Жүктілік кезінде әйелдерде токсикоз пайда болады. Кейбір келіншектердің токсикозы қатты болса, енді бірі оның не екенін де білмейді.

Токсикоз дегеніміз не

Алғашқы токсикоз әйел организіміндегі зат алмасу процесінің өзгеруінен пайда болады. Бала мен оның жолдасы өздерінің қажеттіліктерін «сұрау» арқылы әйелдің ағзасындағы зат алмасу процесін өзгертеді.

Ол неден пайда болады

Жүктілікке дағдыланбаған әйелдің ағзасында өзгерістер пайда болады. Ол өзгерістер токсикоздың пайда болуына әкеп соғады.

Алғашқы токсикоз жүктіліктің 6-12-ші аптасына дейін созылады.

Бұл кезеңде

әйелдің көңіл-күйі болмай,
жүрегі айнып, лоқсиды.

Токсикозды қалай басады

токсикозды басу үшін жақсы тамақтану керек.
Яғни, жүкті әйел мейлінше көбірек сұйықтық ішіп, құнарлы тағам жеуі керек.

Жеңіл түрдегі жаттығулар Жасау керек
Ол денедегі қан айналымын жақсартады.
Қан айналымы токсикоз үшін де маңызды рөл атқарады. Себебі, қан айналымы дұрыс болмаса, зат алмасу да дұрыс болмайды. Ал зат алмасу токсикоздың негізгі себебі болып саналатынын естен шығармау керек.

Аналарға кеңестер