Get Mystery Box with random crypto!

Ұйқысыздық сізді мазаласа... Ұйқысыздық – кең тараған пробл | НӘЗІК ӘЙЕЛ♥

Ұйқысыздық сізді мазаласа...

Ұйқысыздық – кең тараған проблема. Ұйқының бұзылуы күндіз қатты ұйықтағың келеді, күш-қайратың болмайды. Мұндай ұйқының бұзылуы ұзаққа созылатын болса, адам ашушаңдыққа немесе депрессияға бой алдырады;

ұйықтау мен оянуға жауап беретін мелатонин және кортизол гормондары. 

Мелатонин – ұйқы гормоны. Ол қараңғы түскенде түзіледі. "Ұйықтайтын уақыт болды!" деген хабарді жеткізеді. Таңға жуық мелатонин синтезі қысқарады. Жарық түскен сайын қанда кортизол көбейе түседі. Бұл гормон бізді ұйқыдан оятып, сергітеді, жаңа күнге жетерлік қуат береді. Қысқы мезгілде жиі маужырап, жазды күндері жарқырап жүруіміз де осы гормондарға, циркадты ырғаққа байланысты.

Ұйқысыздықты тудыруы мүмкін

* Кейбір өкпе немесе жүрек аурулары
* Стресс немесе депрессия
* Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын дәрілік препараттар
* Дұрыс ұйықтау үдерісін бұзатын кофеин, темекі, ішімдік сияқты заттар
* Ұйықтау уақытының бұзылуы немесе жағымсыз орта сияқты қоздыратын факторлардың әсері.

Жақсы ұйықтау үшін

Ұйықтар алдында дене жаттығуын жасамаңыз, ауыр тамақ жемеңіз, сусын аз ішіңіз

Жатын бөлмеңіз тыныш ,шусыз жайлы болуы керек

Денеге бас пен мойынға жасалатын массаждар жаксы ұйықтауға көмектеседі.

Тіпті демалыс күндері де бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдырыңыз.

түнгі уақытта жұмыс істемеңіз

Кофеин,темекі сияқты қоздыратын нәрсе қабылдамаңыз, кофеиннің әсері 8 сағатқа дейін созылады.

Ұйқыны қалпына келтіруге жатар алдында серуендеп келу, жылы сулы ваннаға түсу көмектеседі.

Сізді ұйқысыздық мазалайдыма?

Аналарға кеңестер