Get Mystery Box with random crypto!

Қожанасыр борлаған қойын сату үшін базарға жетелеп барыпты. Ма | Қазақ әдебиеті

Қожанасыр борлаған қойын сату үшін базарға жетелеп барыпты.
Мал базардағы алармандардың біреуі қойды көріп:
– Қожеке, қойды қаншаға сатасыз? – деп сұрапты.
Қожанасыр оған:
– Мен бұл қойды бес теңге беріп алғамын алты теңгеге сатайын
деген ойдамын, егер алушы шыға қалса, жеті теңгеге сатармын,
қойға бақсам сегіз теңгеге татиды. Егер қойға қызықсаңыз тоғыз
теңге деңізші, он теңгеге бере саламын, – деп жауап беріпті.