Get Mystery Box with random crypto!

​​Бүгін қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, Абайда | Қазақ әдебиеті

​​Бүгін қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны – Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келген күні. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.
Анасының есімі – Гүлсім. Гүлсім – Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.