Get Mystery Box with random crypto!

​​Жұлдыздан жарық жеткенше, Сағынып үлгердім сені, Жанымнан тұ | Қазақ әдебиеті

​​Жұлдыздан жарық жеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жанымнан тұрып кеткенше,
Сағынып үлгердім сені,
Көбелек қанат қаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Қалалар шамын жаққанша,
Сағынып үлгердім сені,
Бір тамшы тамам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір шырпы жанам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір ойдан қайтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бір сөзді айтам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Құс ұшып қонам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Қу көңіл қалам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Зарыңды тартам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Жүгіңді артам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Перронға шығам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Бәрін де ұғам дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
Сағынбан енді дегенше,
Сағынып үлгердім сені,
«Махаббат өлді» дегенше,
Өлтіріп кетші мені!

// Ерлан Жүніс - Сәт. Сағыныш