Get Mystery Box with random crypto!

​​Сені көретін күн келсін деп, Қолымен кәусар суын берсін,- де | Қазақ әдебиеті

​​Сені көретін күн келсін деп,
Қолымен кәусар суын берсін,- деп.
Аңсағаным – сен барсың,- деп,
Үміттенемін.

Тереңдігіңе тәнті боламын,
Сенсіз өткен бе, жарты ғаламым.
Сен болсын,- деп, жерді шарпыған әнім,
Үміттенемін.

Сен дем бергенде қанатым ұшты,
Жүрек те дертті, жара тым күшті.
Самғасам көріп, жерде жоқ түсті,
Үміттенемін.

Я, Расул, саған ғашық жан едім,
Нұрыңа боялған алау таң едім.
Көріне ме, - деп, сұлу әлемің
Үміттенемін.

// Гүлнәр Шәмшиева - Пайғамбарым с.ғ.с.