Get Mystery Box with random crypto!

​​Бұл қоғамды не дейін, Атауы айқындалмаған. Байлығын билер бө | Қазақ әдебиеті

​​Бұл қоғамды не дейін,
Атауы айқындалмаған.
Байлығын билер бөліп жеп,
Біреуді біреу алдаған.
Күллі дала күңіреніп,
Жемқорлық пара жайлаған.

Бетіне көңді жамаған,
Ұяттан безіп сан адам.
Дәулетін тартып алған соң,
Төрелер ұзап қарадан.
Еркіндікті күткен ек,
Отырмыз жұтап санадан.

Жүйесі қалыптаспаған,
Ұраны бірақ асқақ ән.
Жұртына деген жүрегі,
Ханымыздың да тас қаран.
Аққұлаққа жалтақтап,
Жалтақ күн кеше бастаған.

Мұңлы бір күйді шертемін,
Қоймайды-ай деп ел тегін.
Дені сау есі барында,
Паналап барар ертеңін.
"Қорлық жоқ деп сақтықта"
Ойлағаны да серкенің.

Төрелерге ұқсап жайғансаң,
Еліңе қарап қайғы алсаң,
Көште де қалмас береке,
Көшбасшы жолдан тайған соң
Алдыңғы арба елбасы,
Артқысы халқы ойлансаң.

Бірақ та бірақ, бірақ та
Жетемін десең мұратқа
Әділдік даңғыл жолды тап,
Кететін мініп пыраққа.
Таптатпа халқым құқыңды,
Бас ие беріп "Нұр" атқа.

// Зұқай Шәрбақынұлы - Қырсығы көп қоғамның

@adebiett