Get Mystery Box with random crypto!

​​Құлыным, ботам, жан балам, Ізімді менің жалғаған. Құлағың са | Қазақ әдебиеті

​​Құлыным, ботам, жан балам,
Ізімді менің жалғаған.
Құлағың салсаң сөзіме,
Азырақ енді толғанам.
Ақ болсын жолың таңдаған,
Арамның бағы жанбаған.
Сабырға жеңдір өзіңді,
Ашуың аспай арнадан.
Мақсаты биік, арлы адам,
Мақтанға құмар болмаған,
Атақты сатып алсаң да,
Абырой, бірақ, Алладан.

Өрен бол өрге ұмтылған,
Өмірі гүлдей құлпырған.
Өкпесін артып ісіңе,
Сөкпесін елің сыртыңнан.
Намысы бой да бұлқынған,
Нар тектес талай ұл туған.
Қазағың, халқың – қазынаң,
Қасиет сіңір жұртыңнан.
Өзгеріп тіл-дін, түр-тұлғаң,
Жеріме əдет-ғұрпыңнан.
Емендей бой шаң болсаң да,
Емессің биік ұлтыңнан.

Қабағың түссе сəл мұңға,
Қайғыға бойды алдырма.
Азырақ күтсең Күн шығар,
Айналып ақ бұлт жаңбырға.
Даурығып бекер дау қума,
Досыңды сатып жау қылма.
Кішірмей сөйлеп əркімге,
Кісінің көңілін қалдырма.
Сан соғу оңай тағдырда,
Сан түрлі сынақ бар мұнда.
Байыппен жүрсең асқынбай,
Бақытың тұрар алдыңда.

// Қуаныш Қолхаев - Әке өсиеті

@adebiet #поэзия