Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымы | Tengri.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды.

Қала халқына жататын азаматтар саны – 12 209 896, ауыл тұрғындарының саны – 7 556 911. 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.

Тұрғындар ең көп қоныстанған өңір – Алматы қаласы, мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы – 1 505 896 адам.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 354 556 адам.