Get Mystery Box with random crypto!

Абай облысында жоғалып кеткен орман шаруашылығы қызметкері өлі | Tengri.kz

Абай облысында жоғалып кеткен орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды

Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды.

"️Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған. Ол трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүргені айтылды.