Get Mystery Box with random crypto!

Қазіргі таңдағы өзімдегі ситуацияны жазайын. Мен екі түрлі бағ | СтудХакер🌍

Қазіргі таңдағы өзімдегі ситуацияны жазайын. Мен екі түрлі бағыт бойынша ғана білім алудамын.

1. IT продукттарды басқару

2. Бизнес аналитика

1 айдан кейін аналитика бойынша жұмыс ауыстырайын деп жатырмын. Оказывается, аналитик болуым үшін Python, Pandas, Numpy, SQL, PowerBi деген инструменттерді білуім керек екен.

1 ай ішінде оларды толық игеруім мүмкін емес. Егер толық игерем деп, жоғарыдағының тек 1-2 еуін оқысам, кейін жұмысқа қабылдау барысында басқасы туралы сұрақ қойып, мен білмей қалсам, скорее всего алмай қоюы мүмкін.

Сол үшін қазір жоғарыдағының бәрінің базалық деңгейлерін өтудемін.

Бұл алдыңғы посттағы бірінші жауап.

Ал енді IT продукттарды басқару бойынша айтайын. Бұл салада ең маңызды нәрсе продукт метрикаларын идеалды меңгеру. Кез келген компания метриканы түбіне дейін сұрауы мүмкін.

Так вот, бұл ситуацияда мен продукт басқарудың барлық нәрселерінің базалық білімін алғым келмейді. Мен тек метрикаларды идеалды білу үшін, әр метриканы үйренуге 1 күнімді арнаудамын. На самом деле, әр метриканы түсіну үшін 10ақ минут жеткілікті

Түсінікті деп ойлаймын, бұл 2ші жауапқа тікелей қатысты.

Осындай ситуациялар сенде де өте көп болуы мүмкін. Сондай кездері білім алу жүйесін құруда - саналы шешім қабылдауға тырыс

Бүгінгі посттар пайдалы болса, бір смайлик қалдырып кет)