Get Mystery Box with random crypto!

Білім алу/ түсіну/ қабылдау деген не? Бұл пост курс өтіп жүр | СтудХакер🌍

Білім алу/ түсіну/ қабылдау деген не?

Бұл пост курс өтіп жүргендерге, білімді дұрыс алғысы келетін, жүйелі ақпарат қабылдағысы келетін адамдарға арналады.

Білім алу барысында қандай проблема бар?
- адам оқиды, бірақ ұмытып кетіп жатады
- адам дамығысы келеді, бірақ оқу жүйесі жоқ
- адам білім алуды қалайды, бірақ маңыздылығын түсіне бермейді

Жалпы кез келген білімді алу барысында өзімізге қойылу керек маңызды бір сұрақ бар. “Мен бұл білімді қандай мақсатта алудамын?”

Бұл жерде 2 түрлі жауап болады.

1. Жаңа білімді алу арқылы - менің көзқарасым кеңейіп, мен кеңірек ойлана бастаймын. Егер мен кеңірек ойлана бастасам, менде дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі көбірек.

2. Жаңа білімді алу арқылы - менің нақты бір салаға бағытталған білімім артып, мен бұл саланы тереңірек біле бастаймын. Егер мен тереңірек білсем, мен қателеспейтін боламын.

Екі жауап ұқсас па? Мен үшін екі жауаптың арасы жер мен көктей. Давай, салыстырайық)

Бірінші жауапқа мысал келтірейін:
Мен мықты аналитик болғым келеді. Қазір аналитик ретіндегі тәжірибем жоқ. Аналитик болып жұмысқа тұруды қалаймын. Ең төмен лауазымға кіру үшін, маған компания 4-5 түрлі тақырып бойынша сұрақ қоятынын білемін.

Дәл осы позицияда менің нақты бір саланы тереңірек білуім маңызды емес, маңыздысы менің сол 4-5 тақырыпты базалық түсінетінім, және ненің не екенін айта алатынымда.

Так вот, бұл ситуацияға дайын болу үшін мен білімді алар да, бір екі нәрсені терееең оқуға тырыспаймын. Керісінше, 7-8 түрлі тақырыптың базалық элементтерін білсем жеткілікті.

Бұл түсінікті ма? Осы жерден тоқтап, толық түсінуге тырыс. Мысалды қайта оқып, жауаппен салыстыруға кеңес беремін.

Енді екінші жауапқа мысал:
Мен уже нақты бір жерде жұмыс істеудемін, нақты қызметтерім бар. Немесе ағылшын тілін оқығым келіп жатыр делік.

Бұл ситуацияда менің құндылықтарым бөлек. Маған 7-8 түрлі тақырыптың базалық білімі емес, нақты істеп жатқан ісімнің білімі маңыздырақ.

Так вот, бұл ситуацияда мен көп сөзді білуді, жаттауды ойламаймын, мен 100 сөз болса, бірінші 100 сөзге 1000 түрлі мысал жазып, толық меңгеремін. Себебі, 1000 сөзді бүгін біліп, ертең ұмытып қалғаныма қарағанда, 100 сөзді біліп, соны тиімді пайдаланғаным маңыздырақ.

Ал енді екі жауаптың айырмашылығын түсіндің ба?

Досым, қазіргі таңда білім алу/оқу, курс өту - ештеңені білдірмейді.

Өзгелер көп оқып жатыр деп, көп оқуға тырыспа! Өзгелер осылай оқуда деп, сенде олай оқыма!

Әр жаңа нәрсені үйренуде өзіңе жоғарыдағы сұрақты қойып, қай мақсатта оқып жатқаныңды анықтап ал!