Get Mystery Box with random crypto!

Человек который познал бесконечность Соңғы жылы көрген, көрі | СтудХакер🌍

Человек который познал бесконечность

Соңғы жылы көрген, көріп жүрген киноның бәрі шынайы оқиға негізделген, белгілі бір адамдар туралы еді. Оларды көргенде ерекше сезім болып, солардың өмірін өмір сүргендей сезім болады. Бүгін міне тағы біреуін көру бақыты бұйырды.

Математика ғылымында ұлы жаңалықтардың бірін енгізген үндіс Сринивасы Рамануджани еді. Ол - мықты жерде оқымаса да, қарап, ізденетін ақпараттар жоқтың қасы болса да, өзі қаншама жылдар бойы еңбектеніп, математикадағы ең маңызды формулалардың бірін тапқан адам.

Маған оның өміріндегі ең қатты ұнағаны - ол ойлағанын, жасағанын өзге профессорлар қабылдамаса да, соңына дейін барды. Ең кедей мемлекеттен, кедей кастадан шықса да, сол математика үшін қаншама зерттенгені, отбасын тастап, Англияға кеткені сұмдық мықты енді.

Өкініштісі ол 32 жасында аурудан қайтыс болған екен. Ал оның еңбектерінің көп бөлігін сол заманның адамдары қабылдамағанмен, арада 50-60 жыл өткеннен кейін дәлелдене бастапты. Ал қазір "Черная дыра"-ны зерттеу барысында, соның формулалары фундаметалды қызметті атқарады екен.

Қазір қолымызда әлемнің кез келген білімі/ақпараты тұрса да, әлдеқайда білімсіз екеніміз, көп адамның төмен білім деңгейінде қалып кетіп жататыны өкінішті..