Get Mystery Box with random crypto!

GoPractice курсын аяқтадым! Осыдан 1 ай бұрын краудфандинг ар | СтудХакер🌍

GoPractice курсын аяқтадым!

Осыдан 1 ай бұрын краудфандинг арқылы, достар, таныстар арқасында курс сатып алған болатынмын. Білмей жатсаңыз, курс туралы жоғарыда постта да бар. (курс)

Курстан түсінгенім туралы жаза кетсем дедім.

Курс мен үшін өтее қиын болды. Практикаға негізделген курс болған соң, менде практика көп болмаған соң, ақпаратты қабылдау үшін біраз тер төгуге тура келді. Курсты бітірсем де, оның мәнін түсінуге, оны қайта қайталауға бір емес, бірнеше ондаған рет қайтып келетінім анық.

Осы курста 22 бөлім болса, әр бөлімді игеру үшін, қосымша 4-5 статьяны оқу керек болды. Енді қиын курстарды өтпес бұрын, базалық білімді жетілдіру қажет немесе курстың әр сабағын түсіну үшін 3 реттен көру керек деген ой туындады.

Алдында СюХаРи деп жазған постым естеріңізде ма? Есте болмаса, сол постты оқуға қайта кеңес берем! Сол метод ауыр материалдарды түсінуге, қабылдауға жақсы көмектеседі. Осы курс барысында да, өзге курс барысында соны көп қолданудамын. (осында бас)

Сөйтіп, өте маңызды курсты аяқтадым. Енді дата-аналитика бойынша қадамдар жасауға жаймен дайындалудамын. Өмір өзіміздікі, әр ісімізге өзіміз жауап береміз. Үлкен арман-мақсаттар қоя берейік, ағайындар!