Get Mystery Box with random crypto!

Барлығына сәлем! Бірнеше хабарландыру жасағым келіп тұр. Қазір | СтудХакер🌍

Барлығына сәлем! Бірнеше хабарландыру жасағым келіп тұр. Қазір мен жасап жүрген жобаларға бірнеше адам қажет болып жатыр. Төменде жобалар туралы және қандай адам қажет туралы жазамын. Егер сіз сәйкес келсеңіз, маған тез арада жекеге шығыңыз)

1. IT платформа 15 минут
Бұл сервисте әртүрлі салада, әртүрлі топ компанияларда жұмыс жасайтын жастар болады. Кез келген оқушы платформаға кіріп, сол адамдармен сөйлесіп, өзіне университет таңдауға, мамандық таңдауға бағыт бағдар ала алады. Ал студент платформаға кіру арқылы әртүрлі компания туралы мәліметтер алып, сол компанияларға қалай кіру керектігі туралы, сондай-ақ, жұмысқа тұру жолдары, түрлі бағдарламалар туралы мәлімет ала алады.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- CMM маман (пост, сториға жауап беру, Mojo секілді инструменттермен жұмыс жасау)
- Копирайтер, зерттеуші, журналист (мақалалар жазу, зерттеу жүргізу, нарыққа анализ жасау)
- Видеограф (университеттер, мамандықтар туралы видеоларды дайындау, монтаж жасау)
- Дизайнер(фото, анимация жасау)
- Сайт жасап, басқарып үйренгісі келетін адам

2. СтудХакер жобасы
Студенттерге арналған подкасттар жиынтығы, студенттерге арналған телеграм канал. Жоба мақсаты студенттерге қажетті ақпараттармен бөлісу, жаңа деңгейге шығуға көмектесу.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- Подкаст редакторы (аудио жазбаны редактура жасау)
- Подкаст үйлестірушісі (подкаст қонақтарымен келіссөздер жүргізу)
- Копирайтер (подкаст сұрақтарын, подкаст посттарына текст дайындау)
- CMM маман, таргетолог (инста парақшаны жүргізу)

3. Ютуб канал (45 мың тіркелуші бар)
Университеттер, мамандықтар туралы видеолар түсіретін Қазақстандағы ең ірі ютуб жоба. Канал қарқынды дамуда, университеттермен, оқу орталықтарымен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы 3 айда 100 000 тіркелушіге жету ойда бар.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- Копирайтер-журналист (видеоға материал дайындау, зерттеу, анализ жасау)
- Видеограф (дайын видеоны монтаж жасау)

4. Менторлық жүйе
Жоба мақсаты ай сайын 10 студентке кәсіби менторлық жүйе ұсыну. Бірінші айы өте сәтті өтуде. Енді жүйені жақсарту мақсатында, жаңа бөлімдер қосу мақсатында жұмыстар атқарылады.

Бұл жобаға қандай адам керек?
- жеке көмекші (менти-лармен жұмыс, notion-ды, miro-ны ретке келтіру, онлайн кездесулерді ұйымдастыру)

Барлық жобалар онлайн. Барлық сөйлесулер онлайн форматта өтеді. Егер қызығушылық болса, бірақ білім, тәжірибе жетпесе де жазсаңыз болады.

Жекеге "Кім екеніңізді, қандай жоба, қандай функцияны жасағыңыз келетінін, сондай-ақ бұл қызметтен не күтетіңізді" толық жазсаңыз, сізге де маған да күшті болар еді) Ақылы жұмыс істейтін болсаңыз, ақыңызды, тегін жұмыс істеп, практика көргім келеді десеңіз, оны да жазуыңызды сұраймын

Бастысы, қорқудың қажеті жоқ! Жаңа оқу жылында тек сабаққа ғана емес, өзге де істерге араласып, жаңа нәрселерді үйрену, көру, танысу - сіздің болашақ маман ретіндегі құныңызды арттыратын ұмытпаңыз!

* егер қосылғыңыз келсе, бірақ қай жоба, қай позиция екенін нақты шеше алмай тұрсаңыз, ештеңе етпейді. Біз сізге лайық, біз өсе алатын істі табуға тырысамыз.