Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы 2 күн іште қобалжулар болды. Жалпы мұндай ситуациялар ке | СтудХакер🌍

Соңғы 2 күн іште қобалжулар болды. Жалпы мұндай ситуациялар кейде боп тұрады.

Астана қаласынан ауылға 3 күнге келген едім. Түрлі тұрмысты, түрлі отбасыны көріп, біршама ойлар келді.

Одан бөлек ауылда түрлі жаңалықтарды естіп, бір жағынан жаның ашиды. Білімсіздік, сауатсыздық қанша дегенмен де көп проблеманың себепкері ғой.

Адам білімсіздіктен жұмыс істемей, көше кезеді, отбасысында айқайласады, ортасында береке кетеді, ақыр соңында ішеді, солай кім көрінгенмен уақыт өтсінші деп өмірін бірсарынды өткізеді.

Ауылдағы көп таныстарымнан, кейбір достарымнан сондай өмір сүру салтын көргендей болдым. Жастары жап-жас болса да, ситуацияға көніп, ештеңе өзгерте алмайтындай ойлары да бар сияқты деп қаласың..

Еркелеп кеткен халықпыз ғой негізі. Көп нәрсенің мәнін түсінбей, бос әуре істермен шұғылданып жүре бергенді ұнатамыз.

1 рет қана сүретін өмірді неге олай өткізетіндерін түсінбеймін. Арман-мақсаттарымыз үшін, өзімізге берілген ресурстарды игеру үшін, неге жарыққа ұмтылмаймыз?

Болмайтын бір қиындықтарға, болмайтын бір сөздерге сынып қалатындар да жетерлік. Осы жердегі жақындар, сендерде ондай болмасыншы..

Жасап көргілерің келетін нәрсенің бәрін жасап көруге, берілген мүмкіндіктеріңді барынша пайдалануға тырысыңдаршы. Адам жаратылысын ақымақ деп ойлаймын. Әрқашан өзге бір жақын адаммен сөйлесіп, естеріңді жиып жүріңдер. Жай айтып қоя салатын емес, жеткізіп айтатын, қатты айтса да, дөп айтатын жақындарың болса, тіпті керемет.

Провал болады, осы естеріңде болсыншы. Біз ойламаған нәрселер частоооо болады. Бірақ, ол нәрселер бізді әлдеқайда дана(мудрый) етеді.

Қазір біздің ортада ең көп жетістіктерге жетіп жүргендер қатарына мен кіретін шығармын, бірақ, маған сенші, ең көп жеңілетіндердің де қатарында мен алғашқы орындарда тұрмын. Провалдарды айтып, көрсете бермесек те, ондай өте көп болады.

Бірақ, әр жасалған іс - мән мағыналы болса болды, оның результаты қатты маңызды емес. Кейде жеңіске қарағанда, жеңіліс көп нәрсені түсіндіретінін, көп нәрсені беретінін ұмытпайық..

Соңғы нәрсе, меніңше жақсы өмір сүрудің, бақытты өмір сүрудің жолы өте көп. Бірақ, сен, бір жолды таңдап сол жолда жүрсең, әлдеқайда результатын ерте көре аласың, чем әр нәрсені бір ойлап, секіріп жүргенге қарағанда. Сенші маған, бір жолда, бір өзіңе адал болып, сол процесстен ләззат алу, бірнеше жолда, бірнеше істе мағынасыз жүргенмен салыстырғанда әлдеқайда құндырақ.

Сол үшін қазіргі құндылықтарыңды, армандарыңды - ешқашан сатпашы, досым!