Get Mystery Box with random crypto!

Инстаграм және жалпы телефонды дұрыс қолданудың бір жолы Инст | СтудХакер🌍

Инстаграм және жалпы телефонды дұрыс қолданудың бір жолы

Инстаграмға тәуелділік, тиктокқа кеткен уақыттар, ютубтан сағаттап видео көру - деген мәселелер көп адамда жиі болатынын бәріміз де білеміз. Ол нәрселермен күресу үшін кей адам уақытын шектеп жатса, кей адам детокс жарияласа, кей адам удалить етіп жатады. Бірақ, 90% ситуацияда ол нәтиже бере бермейді.

Инстаға, керек емес істерге тәуелділікті жоюдың бір жолы - өзге нәрсеге тәуелділікті қалыптастыра отыра шешіледі деген өзіндік ойым бар. Сіз бұл нәрсеге келіспесеңіз де болады, бұл менің жеке ойым.

Енді өзге нәрсеге тәуелділік деген қалай? Ситуацияны түсіндіре кетейін, бұл постты жазу ойыма қайдан келді?

Бүгін мен өте ерте ұйықтадым, жұмыстан келе сала 20:00де ұйықтап, түнгі 3:00те ояндым. Солай соңғы 50 минут телефонды көре бастадым.

Бөліктерге бөлсек:
20 минут - инстаграм
10 минут - телеграм
10 минут - VC
10 минут - linkedin-ге кетті.

- Linkedin - ол кәсіби мамандарға арналған соц сеть. Ол жақтан мен компанияларда не боп жатқаны туралы, мықты мамандардың не істеп жүргені туралы посттарды оқимын. Бұл соц сеть-ке кіруімнің себебі, бұл жер - маған рынокта қаншалықты бәсеке барын, және қандай кәсіби деңгейге ұмтылу керектігін еске алып тұру үшін қажет.

- VC - бұл IT, стартап, бизнес және технологиялар туралы жазбалар шығып тұратын платформа. Мен қолым босаса болды, бірнәрсе оқығым келсе болды, осы приложениеге кіремін. Бұл соц сеть-ке кіруімнің себебі, бұл жер - IT саласындағы, жаңа технологиялар, инструменттер әлеміндегі білімімді жетілдіру үшін, жаңа нәрселермен танысу үшін қажет.

- Телеграм - бұл менің ең сүйікті әлеуметтік желім десем де болады. Телеграмды мен өте көп мақсатта қолданамын. Барлық жұмысты, барлық жазбаны, барлық команда адамдарымен осында сөйлесуге тырысамын. Сондай-ақ, осында Google, Olx, Booking, Facebook -та жұмыс жасайтын, мен қызығатын адамдардың каналына жазылып алғанмын. Бұл соц сетьке кіруімнің себебі, бұл жер - жұмыс процесстерін дұрыс жүргізе отыра, қажетті тұлғалардың жазбасын оқып, планканы әрқашан жоғарыда ұстау үшін қажет.

- Инстаграм - бұл нәрсе бәріне ясно енді) Бұл жерде ешқандай философиялық ой жоқ. Бірақ, мен инстаграмды прям қатты жаман деген ойдағы адам емеспін. Меніңше, адам әрқашан қоғаммен бірге болу керек, қоғамнан алшақтамау керек. Ал инстаграм қазір сол мақсаттағы - адамдардың ең көп пайдаланатын инструменті.

Жалпы посттың логикасын примерно түсіндіңіз деп ойлаймын. Бір жаман іс әрекетті өзге бір іс әрекетке деген құлшыныс қадағалап отыра алады. Біздің позицияда біздің дұрыс приложениелерді жиі пайдалануымыз - дұрыс емес приложениелерден сәлде болсын алшақтауға алып келеді.