Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы постқа 93 коммент жазылыпты Олай болса, давайте жақсы | СтудХакер🌍

Соңғы постқа 93 коммент жазылыпты

Олай болса, давайте жақсы бір Zoom кездесу өткізейік. Бұл іс шара тақырыбын: “Мағыналы студенттік өмір болу үшін не маңызды?” деп қойдым.

Кімдер қатыса алады?
11 сынып оқушылары
1-4 курс студенттері
колледж студенттері

Қандай мәселелер қозғалады?
студенттік өмірді продуктивті өткізу
жұмысты, даму сферасын дұрыс таңдау жолдары
студентке ақша табу маңыздылығы қандай?
ортаны қалай өзің таңдай аласың?

Осы тақырыптарды студентке ең маңызды деп таңдап алдым.

Өткізілу күні:
Жексенбі, 5 қыркүйек, 21:00

Ұзақтығы:
1-1,5 сағат

Базалық мәліметтерді жаздым. Енді қатысу үшін не істеу керек, көп адамды дұрыс ынталандыруым үшін не істеуім керек деп ойландым. Солай мына шешімге келдім.

Қатысу үшін 1000 тг төлем жасайсыз. Ол ақша - егер сіз Zoom-ға қосылсаңыз қайтарылады. Яғни, бұл ақшаны төлеу арқылы, сізде “қатысуым керек деген саналы ой болады”.

Запись болмайды
Тек тікелей эфир

Тікелей эфир ақпаратты сезіне отыра қабылдауға мүмкіндік береді.

Меніңше, бұл іс-шараға қатысқан әр студенттің құндылығы 67%-ға артады. Оны қалай есептегенімді, студент құндылығы туралы Zoom-да түсіндіремін

Төлем нөмері: 87478904540

Осы постты өзің бағалайтын, жақсы нәрсе алғанын қалайтын студент достарыңа жібер
Біліммен бөлісу - сауап

https://t.me/studhacker1