Get Mystery Box with random crypto!

Кеше Евгений Черняктың бір интервьюын көріп жатып, керемет сөз | СтудХакер🌍

Кеше Евгений Черняктың бір интервьюын көріп жатып, керемет сөзді естіп қалдым.

"Университет қазір білім алатын орта емес, университет қазір орта қалыптастыруға арналған платформа болып кетті" деп айтқан еді. Ойымда автоматты түрде "менің универдегі 4 жылым қалай өтті?" деген сұрақ туындады.

Университетте мен қаржыгерге оқысам да, қазір IT салада жүрмін. Соответственно, білімнің 90% бөлігін қазір қолданбаймын десем де болады. Бірақ, осы IT бағытқа келуіме универдегі достарыммен жасаған жобаларым әсер етті.

Соңғы 2 жылда 8 жоба істелінді. 8 жобада 70-ке жуық адаммен жұмыс жасадық. Сол адамдардың барлығымен делік, университеттегі таныстық арқасында, универдегі пікірсайыс клубының арқасында танысып, араластық.

Осы жерде ескеретін бір нәрсе - біз ортаны өзіміз таңдадық. Орта аспаннан келіп түспеді. 1шы курсымда бірнеше студенттік ұйымға кіруге тырыстым. Пікірсайыс клубының бірде бір жиналысынан, бірде бір турнирынан қалмадым. Апта сайынғы ұйымдастырылатын бизнес кездесулердің бәріне қатыса бердім. Әр аймақтағы жарыстарға барып, әр аймақтан таныстар таба бастадым.

Осы процесстерден кейін ортақ қызығушылығымыз бір, мақсат мүддесі ұқсас, армандарымыз биік адамдарды кездестіре бастадық. Әр отырыс, әр кездесу - бізді жігерлендіріп, кіммен, қалай жарысып жүргенімізді есімізге салатын. Біз жекелей барлық нәрсені білмесек те, біз бір-біріміздің жақындағымыздың арқасында барлық саладан үздік результаттар көрсететін едік.

Осыны жазудағы мақсатым: өсу үшін, жақсы өмір сүру үшін - білім ғана керек деген түсінік қате. Білім шексіз, шексіздікке жету қиын. Бірақ, достық, мүдделес қарым-қатынас - шексіз мүмкіндіктер сыйлауы мүмкін.

Ортаны таңда!
Ортаны қалыптастыр!
Ортада үздік атан!

Осы 3 принцип - университеттегі кез келген адамға маңызды деп ойлаймын.