Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы кездері жиі байқайтыным, кез келген бір салада жетістікк | СтудХакер🌍

Соңғы кездері жиі байқайтыным, кез келген бір салада жетістікке жеткен адам, өзге де салаларда жетістікке жетеді.

Кез келген бір істі дұрыс жауапкершілікпен орындайтын адам, өзге де істерді көбіне жауапкершілікпен жасайды.

Кез келген бір ситуацияда өзін лайықты көрсеткен адам, өзге де ситуацияда өзін лайықты көрсете алады.

Адамның әңгімесіне, қарапайым жасаған іс әрекетіне қарап, оның өзге де іс әрекеттерге қалай қарайтынын түсінуге болады..

Ешбір саладан жетістікке жетпей, барлық нәрсені көріп жүру қате. Бірінші бір саланың жеңімпазы болып, сезініп, сол механизмды, ойлау жүйесін орнықтырып барып, басқа нәрселерді де көру керек.

Мысалы, менде ол нәрсе дебат. Қанша ойын, қанша ай ұтылып, кейін бірнеше мәрте жеңімпаз болып, соңына дейін жеттік. Сол этаптардан өте алу қасиеттері - өмірдің барлық сферасында көмектесуде.