Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 12

2021-09-17 23:27:55 Дұрыс сұрақ - дұрыс жауап

Менің Асхат деген менторым болған еді бір жыл бұрын. Сол кезде ол кісінің қадірін қатты түсінбеппін. Бірақ кейіндеу ментордың маңыздылығын түсінгендей болдым. Енді қалай екенін айтып берейін.

Меніңше, ментордың басты функциясы - саған бар білетінін үйрету емес. Ментор деген - сен ұзаақ ізденетін, ұзаақ жететін жауабыңа, қысқа жету жолдарын көрсететін адам.

Мысалы, қазіргі платформаны жасау барысында 20-дан астам сервисты орнатып, әр сервистің бізге сәйкес келетінін не келмейтінін іздендік. Ұзақ ізденіп, 1 ай өткеннен кейін бір сервисты тауып, соған тоқталдық. Но, егер бұл нәрсені жасап қойған, немесе білетін адаммен мен 5 минут болсын сөйлескенімде, мүмкін 1 ай емес, 1 күнде сол нәрсені табар ма едім?

Асхат деген кісі маған сондай көмек көрсететін. Кейде тіпті гуглға қалай жазатыныңды білмейтін кездер болады, сол кезде Асхаттан сұрап, ары қарай өзім іздеп көретінмін.

Бұл жерде маңызды нәрсе. Ментордың білімді болғаны маңызды емес, маңыздысы сенің ментордан не сұрағың келетінінде. Сұрақ дұрыс болса - дұрыс жауап болады.

Қазіргі 15 МИНУТ деген платформамыздың бір құндылығы сонда. 100-ге жуық ментормен өз салалары бойынша сөйлесуге болады. Елестетші, Kaspi, Ұлттық банк, Халык банк, Сбербанк, Самруе Казына компанияларында істейтін адамдермен сөйлесіп, ақыл кеңес сұрай аласың. Мықты мүмкіндік емес па?

Құдай қаласа, өзім де сервисті жақсарту мақсатында, + менторлармен сөйлесіп, сұрақтарыма жауап іздеу мақсатында апта сайын 5 ментормен сөйлесетін боламын.

Айтпақшы, небәрі 1,5 күннен кейін платформаны ресми қолдануға болады
26 views20:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 14:28:11 Онлайн курс, сабақ, видео өту барысында шаршап кетсең, ішің пысып кетсе, мына скринді еске ал:)

Мендегі мына курстың бір сабағы 3-4 сағаттық видеолардан тұрады
221 views11:28
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 14:27:53
219 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 20:32:01
134 views17:32
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 20:30:27 3 адамның пікірін қалдыра салайын.
141 views17:30
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 20:29:30 Жеке менторлық туралы пост

Осыдан 1 ай бұрын жеке ментор ретінде 8 адамды өзіме алған болатынмын. Сол адамдардың уақыты бітуге таяп қалды. Бірінші реттік тәжірибе болған соң, оң және теріс тұстарына анализ жасап, қосу керек нәрселерді қосудамын.

Осы айға 8 емес, тек 3 адамды менторлыққа алуға дайынмын!

Толығырақ мәліметтер осы сілтемеде: https://erkanat.uibdc.kz/

Менти болу үшін осында жазасыз: @erkanat001

П/с: 1 айда супермен боп кетесіз деп уәде бермеймін. Айтқандарымды тыңдап, орындап жүрсеңіз - ой-танымыздың қалай өзгергеніне өзіңіз таң қалатын боласыз!
146 viewsedited  17:29
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 09:59:55
144 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 09:59:50 Стартап платформа жасап жүргенімізді, осында бірнеше мәрте жазған едім.

15 минут деген платформа - кез келген жас маманға
- қай компанияда жұмыс, қандай екені туралы
- жұмысқа кіру үшін не істеу керек туралы
- жұмыс сферасын, жұмыс бағытын анықтау мақсатында

менторлық форматта жұмыс жасайды. Яғни, сіз платформаға кіріп, кез келген кәсіби маманмен сөйлесе аласыз. Қазіргі жұмыс бойынша бірнеше факт келтіре кетейін:

1. Платформаға 70-ке жуық ментор қосылды
2. Kaspi, Kolesa, Samruk-Kazyna, KPMG, PwC - секілді 50-ден астам топ компаниялар бар
3. АҚШ, Венгрия, Италия, Қытай, Корея, Франция секілді 10-нан астам мемлекеттегі қазақ жастарын қамтыдық
4. Назарбаев, КИМЭП, КБТУ, СДУ-мен қатар, әлемдік Иллинойс, Пенсильвания, КАУСТ, Гарвард университеттері базамызға қосылуда
5. Қаржы, аудит, IT саладан бөлек, 30-дан астам сфера адамдарымен сөйлесуге мүмкіндік бар.

Үлкен масштабтағы, сондай-ақ әрбір жастың өмірлік бағытын анықтауға арналған продукт жасап жатқанымызға сенемін. Бізбен бірге болыңыздар!
159 views06:59
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:45:17 Осыдан бір жыл бұрын бизнес жобалар жарысына баруға ерінген бір кезім болған. Шыны керек, бір жағынан көп ақша кететін болды.

Бірнеше күн өткеннен кейін, дәл сол бизнес жобалар жарысында ірі инвесторлар келгенін естідім. Біздің жобаны апарғанда жеңу мүмкіндігіміз өте жоғары еді. Бірақ, болмашы 1-2 іштегі уайым "стоп" қойып тастаған болатын. Қазір сол үшін кішігірім өкініш болады.

Кейін сіздерде де мүмкіндіктер болатын болса, бас тартпаңыздар) Сол кезде осы посттарды еске түсіріңіздер)
85 views18:45
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 21:38:20 KPMG деген компания бар. BIG 4 деген әлемдегі ең үздік аудиторлық компаниялар қатарына кіреді.

Кеше Америкалық офисының директоры болған, KPMG-ды әлемге танытуға үлкен үлес қосқан - Юджин О'Келли деген қызметкері туралы мәліметті оқып қалдым. Сол Юджинның кітабында мына бір сөздерді келтірген еді.

"KPMG-ды Азия, Аустралия нарығына шығару үшін - Аустралия мемлекетіндегі бір компаниямен келіссөз жүргізу керек болдық. Бірақ, ана компания бізге мүмкіндік бермеді, олардан жиі отказ алдық. Солай, мен бірнеше мың шақырым жол жүріп, Аустралияға бардым. Қызығы, бармас бұрын сол компанияның басшысы өзге мемлекетке кететінін естідім.

Мен сол мәліметті пайдаланып, біршама жолын қарастырып, самолетте сол адамның дәл қасынан орын алдым. Солай 6 сағаттық аспанда ұшқан мезетте - ол адаммен танысып, оған ниетімді білдіргенде, ол менің қаншама ситуациялардан өтіп келгенімді, результатқа жетуге деген ұмтылысымды байқап, бізбен миллиардаған ақшаға келісімге отырды".

деп Юджин О'Келли өмірінің бір оқиғасын айтып жеткізді. Вроде бы қарапайым оқиға. Но, бұл нәрсе біздің қарапайым өмірімізде жиі кездесіп жатады. Мен ешқандай мораль, түсіндірме жазғым келмейді. Бір ғана нәрсе бар:

Тәуекел ету + тырысу + амалдарын қарастыру = сен қалаған нәрсеге жету. Жеңіл болады, өзімен өзі болады деп өзіңді аяу - ақымақтық әрі фантастика!
103 viewsedited  18:38
Ашу / Түсініктеме