Get Mystery Box with random crypto!

Енді Үндістан, Иран және Қытай азаматтары елге визасыз кіре ал | Жаңалықтар - Stan.kz

Енді Үндістан, Иран және Қытай азаматтары елге визасыз кіре алады. Визасыз режимнің шарттарына сәйкес, Қазақстан шекарасынан өткен соң 14 күн ел аумағында еркін жүріп-тұра алады. Бұл кезеңде заматтарға еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Визасыз режимде елде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезеңде 42 күнтізбелік күннен аспауы керек. Осы шартты бұзған үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оның ішінде 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл; 15 тәулікке дейін қамауға алу; Қазақстаннан шығару; 5 жылға елге кіруге тыйым салу (сот шешімімен) сияқты жазалар бар.

t.me/stankznews