Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда нан бағасы 20%-ға өсті. Нан бағасы әсіресе Ұлыта | Жаңалықтар - Stan.kz

Қазақстанда нан бағасы 20%-ға өсті.

Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.

Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.

"Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған", - дейді зерттеушілер.

t.me/stankznews