Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-20 08:18:01
Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерден 21 адам мерт болды

1-2 шілдеде Нүкісте болған тәртіпсіздіктер нәтижесінде қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

"Медицина қызметкерлерінің салған күшіне қарамастан, аса ауыр халде болған тағы үш адам қаза тапты", — деді ол.

Сондай-ақ Шамсутдинов ауруханаларда көмекке жүгінген 274-тен 16 адам ем алып жатқанын атап өтті.

Осыған дейін 18 азаматтың, оның ішінде төрт құқық қорғаушы органдары қызметкерлерінің қаза тапқаны белгілі болды.

@massagan_maskara
18 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 07:15:00
Киік санын реттеуге бірнеше жыл қажет - министр

Қазақстанда киік санын реттеу үшін терең ғылыми зерттеу жұмысы басталады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

"Киік санын қалпына келтіру – сөзсіз Қазақстанның жетістігі, киіктің әлемдік популяциясының 95%-ы елімізде. Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстарын бастаймыз және қорытындысын, әрине, жариялаймыз. Бұл жұмыс – бірнеше жылға созылуы мүмкін", — деді министр.

Оның сөзінше, ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша киіктердің санын реттеудің баламалы әдістері анықталады.

@massagan_maskara
14 views04:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 15:02:01
Биыл Қазақстанда сүт 22%-ға қымбаттады

Сарапшылардың дерегінше, елде сүт бағасы 22%-ға қымбаттады. Сондай-ақ, сектордағы өндірістің де азайғанын атап өтті.

2022 жылдың маусым айында сүт бағасы 2,4%-ға, жыл басынан бері 17,2%-ға және бір жыл ішінде 21,5%-ға өскен. Сарапшылар 2021 жылы бағаның жылдық өсімі небәрі 9,5%-ды құрағанын айтады.

"2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында сұйытылып өңделген сүт пен кілегей өндірісі 235,3 мың тонна болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 7%-ға аз көрсеткіш. Сондай-ақ 6 жыл үздіксіз өсімнен кейін дәл осы кезеңдегі алғашқы құлдырау", — дейді сарапшылар.

Зерттеушілер сүт пен кілегейдің жалпы өндірісінің жартысы Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) мен Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына тиесілі екенін айтады.

@massagan_maskara
19 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 13:00:00
Маңғыстауда сынап бағанасы 50 градусты көрсетті

Маңғыстау облысының Жетібай елді мекенінде сынап бағанасы 50 градус ыстықты көрсетіп тұр. Өлшеу құралын жергілікті жұмысшылар видеоға түсірді.

Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, "ЖетібайМұнайГаз" "ОSC", "Ақтаукрантехсервис", "West Oi", "МаңғыстауМұнайГаз", басқа да ұсақ компаниялар аптап ыстықта жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Gismeteo сайтының мәліметінше апта соңына дейін Шетпе, Жетібай және Жаңаөзенде ауа температурасы 43 градус, ал Бейнеуде 44 градус болады.

@massagan_maskara
16 views10:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 09:45:00
Президент Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Біз инвестициялық капитал үшін жаһандық күрестің куәсі болып отырмыз. 1 400-ге жуық ірі шетелдік компаниялардың әр екіншісі өз қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толығымен кетті. Үкімет оларды Қазақстанға көшіру үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Бұл бізге орта және жоғарғы шектердегі тауарлар өндірісін арттыру үшін жақсы мүмкіндіктер береді", — деді Президент Үкімет отырысында.

Осыған дейін мемлекет басшысы ЕАЭО аймағында шетел компанияларын шоғырландыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтқан.

@massagan_maskara
16 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 07:24:13
Желіде өртке оранған туды түсірген азаматтың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында өртеніп жатқан ғимараттың шатырындағы мемлекеттік туды түсіріп алған азаматтың видеосы тарады. Құтқарушының Жұмыспен қамту орталығының қызметкері екендігі анықталды.

"Астана даңғылы 190 "А" мекенжайындағы жеке тұрғын үйде, жалға алынған Жұмыспен қамту орталығы мен "Светофор" дүкенінің шатырынан өрт шығып, өрт аумағы 413 шаршы метрге тарады. Жалпы ауданы 1000 шаршы метрлік ғимараттың қабырғалары мен төбесіне жайылған өртті сөндіруге сағат 16.15-те оқшауланып, жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп мәлімдеді Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Осы жайтқа қатысты пікір білдірген облыстық ТЖД өкілдері аталған ер адамның Шіркін ауылының тумасы, Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Қансейіт Мұхаммед екенін айтты.

@massagan_maskara
18 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 14:56:01
Атырауда аттракционның әткеншегінен балалар құлады

Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады.

Балалар мінген әткеншек орнына қозғалған бетте бірден тоқтап, орындықтар бекітілген желі үзіліп кеткен. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

Облыстық Полиция департаменті аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы бір жыл бойы тоқтап тұрған "Керемет жағалау" аттракционы биыл іске қосылған.

@massagan_maskara
25 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 12:05:00
Ақтөбе облысында газ құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды

17 шілдеде кешке Ақтөбе облысы Алға қаласындағы газ құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды.

Шақырту орнына ТЖД 26 адамы мен 7 техникасы шыққан. Ведомство мәліметінше, көлемі 46 шаршы метрлік цистерна жарылған. Нәтижесінде Toyota Camry маркалы көлік пен тиегіш автотехника жанып кеткен.

Сондай-ақ аумағы 22 шаршы метр жанар-жағармай құю станциясының әкімшілік ғимараты қирап, артынан өртенген. ТЖД күшімен қалған 2 тиегіш техника мен көлемі 54 және 10 текше метр болатын 2 цистерна құтқарылды. Өрт сағат 20:02-де толықтай сөндірілген. ТЖД ақпаратынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

@massagan_maskara
23 views09:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:46:00
Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапты

8 шілде күні сағат 02:45-те Орал қаласындағы айналма тас жолда, "VenOil" жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде жантүршігерлік апат болды.

Орал қалалық жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары Константин Недопекиннің оқиға орнында хабарлауынша, соқтығысқан Nissan және Lada көліктерінде сегіз адам болған. Барлығы дерлік көз жұмды.

"Басып озу кезінде Nissan жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды", – деді ол.

Кейін есін жимай, Nissan жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы екі бала ауруханада қайтыс болды.

@massagan_maskara
23 views06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:11:02
24 адам демалып жүрген қайық суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында дауылдың салдарынан 24 адам мінген қайық суға батып кетті.

"Секундына 20 метрге жеткен қатты жел салдарынан "Садко" демалыс орталығынан "Аюда" базасына бет алған тұрақты жолаушылар қайығы суға бата бастаған. Бортта 24 адам, яғни 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда болған", — деді Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Су көлігінде болған барлық азаматтар құтқарылғаны туралы мәлім болды. Жағалауда жүрген демалаушылар оның батып жатқанын көріп катер және гидроскутерлермен оқиға орнына жеткен.

@massagan_maskara
22 views05:11
Ашу / Түсініктеме