Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-17 15:02:01
Қазақстанда абортқа тыйым салынады ма

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Батыс елдеріндегідей Қазақстанда да абортқа тыйым салу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл мәселе Қазақстанда заңнама деңгейінде реттеледі.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс бойынша біздің елде әйелдердің репродуктивтік құқығы бар. Демек, құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі, отбасымен ақылдасып шешеді. Сондықтан, елімізде абортқа тыйым салатын нормалар жоқ. Әзірге ондай тыйым салатындай нормалар енгізу қарастырылып жатқан жоқ", — деді министр.

@massagan_maskara
5 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 07:26:01
Шенеуніктер "Аrtsport"платформасы арқылы 10 млн теңге жымқырған

Антикор "Аrtsport" платформасы арқылы балалар шығармашылығын қаржыландыруға бөлінген қаражатты жымқыруды ұйымдастырған бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты тергеу жүргізуде.

Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында "Аrtsport" ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар. Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген.

"Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексерілуде. Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды", — делінген хабарламада.

@massagan_maskara
10 views04:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:05:07
"Қазфосфат" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазфосфат" басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қылмыстық істі 13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тіркеген. Тергеудің басталуына аймақ бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің шығарған қорытындысы себеп болған.

"Қылмыстық істің 221-бабы бойынша "Қасфосфат" ЖШС басшылығына қатысты аммофосты өткізу кезінде жоғары баға белгілеу арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.

@massagan_maskara
6 views10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 08:39:01
Қазақстанда ерлер әйелдерден 5 есе артық өзіне қол жұмсайды

Қазақстан суицид көрсеткіші жоғары 20 елдің қатарында орналасты.

ДДСҰ және Құқықтық статистика комитетінің дерегінше, қазақстандық ерлер әйелдерге қарағанда 5 есе көп суицид жасайды. 2021 жылы барлық суицидтің тек 4%-ы 18 жасқа дейінгі адамдардың үлесінде болған. Бірақ бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып отыр.

18-75 жас және одан жоғары жастағы адамдардың суицид жасау қаупі жоғары. Барлық суицидтің 76%-ы олардың үлесінде.

@massagan_maskara
10 views05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 14:57:01
Президент қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру және дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы баяндамаларын тыңдады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы мемлекеттің әскери ұйымын жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

@massagan_maskara
4 views11:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 12:27:01
2 баланы құтқарған елордалық төсбелгімен марапатталды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2 баланы құтқарған Есдәулет Дәуітбековті "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттады.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов болса қаһарманға білім грантын табыстады.

Айта кетейік, 13 шілде күні елордада 17 жастағы жасөспірім үйдің 6-қабатынан құлай жаздаған 2 баланы құтқарған еді.

@massagan_maskara
6 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:45:11
Мамандар нанның бағасы 250 тг-ден асатынын күтуде

Экономисттер нанның құны 250 теңгеге дейін не одан да жоғары көтерілуі мүмкін деп отыр.

Оған ұн бағасының күрт шарықтауы себепші. Тек жаз басынан бері олар үш пайызға көтерілді. Диірменшілер мен астық өңдеушілер ресейлік өндірушілердің ағылып келуіне алаңдаулы.

"Осының барлығы проблемалар кешені, қалдықтарды жинаудың шешілмеген проблемалары, Кедендік одаққа мүше елдер арасындағы сауда саясатын делимитациялау проблемалары, мақсат қою және жанжалдарды тексерудің шешілмеген мәселелері", — деді экономист Айман Тұрсынқан.

Диірменшілер болса әңгіме шектен тыс экспортта деседі. Шетелдік трейдерлер әлдеқашан дайын өнімді емес, шикізатты сатып алып, өз елінде өңдеп жүр. Осыған байланысты отандық диірменшілерде өңдеуге ештеңе қалмайды.

@massagan_maskara
7 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:14:09
Мыңнан аса асыл тұқымды қой тірідей жанып кеткен

Атырау облысының Құрманғазы ауданында "Сүйіндік қой зауыты" ЖШС-нің мыңнан аса еділбай тұқымды қойы өртеніп кеткен.

Ауыл тұрғындарының пайымдауынша, өрт Ресейдің Астрахань облысының аумағында тұтанып, кейін Атырау облысына жайылған.

"Үйдің айналасындағы шөп жанып кетті. Соның салдарынан 1039 қойдан айырылдым. Оның ішінде өз иелігімдегі малым да бар", — дейді серіктестіктің шопаны Уәлихан Қабдрахманов.

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Қанат Құлшаров соңғы аптада ауыл маңында осымен үш рет өрт тіркелгенін мәлімдеді. Оған себеп — күннің қатты ысуы. Қазір өрттен келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

@massagan_maskara
7 views05:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 15:54:01
Петропавлда 8 жасар қыз бала зорланды

Петропавл қаласынның "Подгора" ауданында 8 жастағы қыз бала зорланған. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Күдікке ілінген 27 жастағы ер адам Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны. Ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы қауіпсіздігі ең төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан.

Азамат қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден қауіпсіздігі ең төмен мекемеге Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы қаулысымен ауыстырылған. Облыс прокуратураның дерегінше, қазіргі таңда күдікті ұсталып, Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша (жас балаға қатысты зорлау дерегі) қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

@massagan_maskara
6 views12:54
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 12:34:23
Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Оның айтуынша, Қазақстан қант импортына 90% тәуелді. Президент елдегі қант тапшылығын Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтегенді сынады.

"Қандай жағдай болсын, бұл Үкіметтің елеулі қателігі. Демек, мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын", – деді Тоқаев.

@massagan_maskara
6 views09:34
Ашу / Түсініктеме