Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-08-01 11:30:39
Шолақайдағы оқиға: облыстық полиция тергеуді өз бақылауына алды

Жетісу облысының Полиция департаменті Шолақай ауылында болған қылмысқа қатысты тергеуді өз бақылауына алды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жантүршігерлік оқиға жұртшылықтың назарына іліккен соң, елді мекенге қосымша күштік құрылымдар тартылған.

Айта кетейік, бір апта бұрын жоғалған Шолақай ауылының тұрғыны 15 жастағы жеткіншектің денесі табылды. Марқұмды зорлап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп көміп тастаған күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де зорлау қылмысы бойынша сотталған.

@massagan_maskara
12 views08:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 07:31:50
Атырау: аудан әкімі Жайық өзеніне батып кетті

Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кетті.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, әкім 31 шілде күні Ортақшыл ауылының тұсында өзенге түсіп, қайта шықпаған. Аймақтық ТЖД құтқарушылар 22:38-де Жайыққа бір адамның ағып кеткені туралы қоңырау алғанын хабарлады.

Ринат Жанқылыш 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

@massagan_maskara
15 views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 07:20:02
Министрлік пияз бағасы неге қымбаттағанын түсіндірді

Жыл басынан бері пияз бағасы екі есе өсті, бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары өсім. Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында пияздың ең жоғары бағасы тіркелді. Ол 308 теңгені құрайды.

"Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбатуы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты", – деп жазылған хабарламада.

Алайда арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығының жоқ екенін көрсеткен. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 пайызын құрайды.

Айта кетейік, бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ.

@massagan_maskara
19 views04:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 14:09:01
"Қайрат" клубының жүргізушісі жұмыстан неліктен қуылғанын түсіндірді

"Қайрат" футбол клубының ойындарын үш жыл бойы қазақ тілінде жүргізіп келген Әділет Бисариев жұмыстан шығарылғанын жария етті.

Экс-комментатордың сөзінше, алматылық клуб басшылары мен клубтың демеушісі – 1Xbet букмекерлік кеңсесіне Бисариевтің қазақша сөйлегені жақпады.

"24 шілдеде "Қайрат" пен "Ақсудың" ойынына барғанмын. Маған ешкім жұмыстан шыққанымды ескертпеді. Маған қоңырау шалып, бүгін жүргізбейсің деді. Алдын ала ешнәрсе айтылған жоқ. Неге десем, сен бұдан былай бізде жұмыс істемейсің дейді. Стадионнан шығып, бас директор Асқар мырзаға барсам, ол 1Xbet-тен саған шағым түсті дейді", — деп бөлісті Әділет видоүндеуінде.

Әділет елдегі тіл мәселесін реттейтін құзырлы органдардан жауаптыларды жазаға тартуды сұрайды.

@massagan_maskara
21 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-30 07:49:01
Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасына тусыз шықты

Қазақстан шахмат құрамасы Үндістанда өткен шахмат олимпиадасына тусыз барған. Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова әлеуметтік желіде мәлім етті.

"ҚР құрамасының Олимпиадаға қатысуын ұйымдастыратын жауапты Қазақстан Шахмат федерациясы алдын ала қамданбаған, жалауды керек етпеген. 20 мың теңгені аяп, ҚШФ басшылығы Қазақстан құрамасын мемлекеттік тумен қамтамасыз етпей, бүкіл Қазақстан халқына құрмет көрсетпеді", — деп жазды Таңжарықова өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, басқасы басқа, ал туды естен шығарғанын кешіру мүмкін емес. Себебі ұлттық құраманы ұлттық құрама ететін ту. Спортшының анасы әлем алдында Олимпиадада тусыз масқара болған құрама үшін ұялды. Қазақстан шахмат федерациясы жағдайға қатысты ресми жауап бермеді.

@massagan_maskara
3 views04:49
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 14:00:00
Алматылық дәрігерлер 11 жасар баланың зорланғанын хабарлады

Алматыда дәрігерге қабылдауға келген 11 жасар баладан зорланған. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Смаилова медицина қызметкеріне сілтеме жасап хабарлады.

Дина Смаилованың сөзінше, зардап шеккен бала ауырсыну сезініп, туысымен бірге дәрігерге барған.

"Дәрігер баланы қарап, оны бірнеше рет зорлағанын түсінген. Оған хирургиялық араласу қажет", — деді ол. Ақ халатты бас дәрігерге рапорт жазып, қылмыс туралы хабарлаған.

Алматы полиция департаменті аталған факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тіркелгенін мәлім етті.

@massagan_maskara
14 views11:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 12:48:00
Қарағанды облысында белгісіз біреу танкке Z белгісін салды

Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғыны ескі танкке "Z" белгісін салып кеткен. Бұл туралы жергілікті белсенді Айсұлтан Жақыпов мәлімдеді.

Азаматтың пікірінше, танкке "Z" белгісін салып кеткен жанды тауып, заң аясында жауапқа тарту керек. Сол маңда бірнеше бейнебақылау камерасы орналасқандықтан, кінәліні табу қиынға соқпауы тиіс. Сондай-ақ Айсұлтан соғысты насихаттайтын және еске алатын танкті де қала орталығынан алып тастауды ұсынды.

Белсендінің жазбасынан кейін танкке салынған белгі өшірілді.

"Z" және "V" белгілерін Украинада соғысып жатқан Ресей қарулы күштері өздерінің символы ретінде қарастырады

@massagan_maskara
10 views09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:20:11 @massagan_maskara-дағы аптаның ең қызықты жаңалықтары

Суға кеткен журналистің денесі 5 күннен соң табылды
https://t.me/massagan_maskara/1399

Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясы өртенді
https://t.me/massagan_maskara/1404

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа орналасу үшін эссе жазады
https://t.me/massagan_maskara/1401

Алматы облысында ауыл тұрғыны әкімдік ғимаратта киім жуды
https://t.me/massagan_maskara/1410

Ақтөбелік азаматқа найзағай түсті
https://t.me/massagan_maskara/1400

@massagan_maskara
14 viewsedited  08:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:31:01
Атыраудағы мұнай зауыты жұмысын қайтадан бастады

Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты жұмыс тәртібіне оралды.

Осыған дейін өндіріс орнында болған төтенше жағдай салдарынан жұмыс тоқтап қалған еді. Қазіргі таңда электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Жақын арада зауыт тұтынушыларға мұнай өнімдерін жөнелтуді жоспарлануда.

"Зауыт жұмысын қалпына келтіруге тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылды. Қазір бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді", — деді зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов.

@massagan_maskara
15 views04:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 15:22:00
Өскеменде жанармай құю бекетінде бөшке жарылды

Өскеменде жанармай құю бекетінде бөшке жарылып, бір адам қайтыс болды.

Өскемен қаласында Промышленная көшесі бойынша ЖҚС аумағындағы жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде жанусыз ауа қосындысының жарылысы болды. Оқиға салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылар бөшкеден 1980 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол резервуарды тазалаған және оған 2010 жылы туған туысы көмектескен екен.

Оқиғаның себептері әлі де анықталып жатыр.

@massagan_maskara
12 views12:22
Ашу / Түсініктеме