Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-07-11 15:34:00
Әлемдегі үздік 50 боксшының рейтингі жаңартылды

World Boxing News басылымы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound), әлемдегі үздік 50 боксшының тізімін жариялады.

Көш басында әдеттегідей украиналық боксшы Александр Усик, екінші орында жапон боксшысы Наоя Иноуэ және үшінші орында мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес тұр. Әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына Қазақстаннан Геннадий Головкин ғана енген және ол рейтингтегі 15-ші орнын сақтап қалған.

@massagan_maskara
3 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:17:32
Коронавирус: Алматы "қызыл" аймаққа жақындап қалды

Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 11 шілдедегі жағдай бойынша, "қызыл" аймақта ешбір өңір жоқ. "Сары" аймақта Алматы қаласы, қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласының "сары" аймаққа, Алматының "қызыл" аймаққа жақындап қалғаны байқалып тұр.

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 454 адам анықталды, соның 200-і Алматы қаласынан.

@massagan_maskara
6 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 08:25:53
Қуандық Шәкіржановтың алдында қушақтасып тускен Баян Алагөзованың суреті қызу талқыға түсті

Белгілі продюсер әріптесімен бірге түскен суретін Instagram парақшасында жариялап:

“Тағы жаңа күйеу”, – деп жазды.

Аталған суретке желі қолданушылары сансыз пікірлерін білдірді. Олардың бір тобы фото жаңа фильмнен алынды деп болжаса, ендігілері 50 жасқа жақындаған Алагөзованың әрекетін сынға алды.

“Құтты болсын”, “Тағы хайп”, “Алагөзов әдемірек, сонымен бірге қала беріңіз”, “Әйелі қызғанбай ма екен?”, “Тағы тұрмысқа шығуға бола ма?”, “Жанар Айжанова көрмесін”, “Мына кісінің арманы жоқ шығар”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

@massagan_maskara
9 viewsedited  05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:09:27
Мәскеуден Ақтауға шыққан ұшақ бір сағаттан кейін әуежайға оралды

10 шілдеде Мәскеу уақыты бойынша сағат 12.00-де Мәскеу – Ақтау бағыты бойынша көтерілген ресейлік "Россия" әуекомпаниясының Su-6525 рейсі бір сағаттан кейін Шереметьево әуежайына оралған. Ұшақ жолаушысы ұшақты жедел жәрдем мен полиция күтіп алғанын, ал экипаж жолаушылар келесі ұшақпен ұша алатынын айтқан. Басқа мәлімет айтылмаған.

Шереметьево әуежайындағы таблоға сәйкес, ұшақ Мәскеуден төрт сағаттан кейін ұшып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.29-да Ақтауға қонған.

@massagan_maskara
10 viewsedited  04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 13:55:14 Сиырды көлігіне салып ұрламақ болған ер адам ұсталып қалды

Оқиға Түркістан облысы Созақ ауданында болған. Күдікті ірі қара сиырды ұрлап бара жатқан сәтте қолға түскен.

Сол күні рейдке шыққан полицейлер түнгі үш шамасында күдік тудырған Audi-100 көлігін тексеру үшін тоқтатады. Сол мезетте көлік жүргізушісі қашып кетуге тырысады.

Тексеріс барысында оның көлігінің артқы орындығынан сиыр табылды. Мал иесіне қайтарылды.

@massagan_maskara
9 views10:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 11:35:32
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өңірлерде құрбан айт намазының оқылу уақытын жариялады.

9 шілде – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні.

@massagan_maskara
10 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 08:34:00
Оң қолы жоқ такси жүргізушісіне халық ақша жинап, су жаңа көлік әперді

Бұл туралы Мақсат Толықбай Instagram парақшасында бөлісті. Қуанышы қойнына сыймаған журналист сүйінші хабарды бірден оқырмандарына жеткізген.

“Сүйінші! Алты алаштың атынан Ақарысқа темір тұлпар мінгіздік. Мүгедектігіне механика машақат болған таксишінің автомат алсам деген арманын орындадық. Кia k5 маркалы машина клиентке де, таксиге де қолайлы. Кореядан келген күйі осы. Ақырыс Қазақстандағы бірінші қожайыны. Құтты болсын, игілігіңізге мініңіз”, – деп жазды ол. Журналист Ақарыспен такси шақырғанда танысқан.

@massagan_maskara
14 viewsedited  05:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 07:39:37
"Қызметіне сыйақы сұраған". Алматыда жеті адамды алдап кеткен әйел ұсталды

Тәртіп сақшылары мәліметінше, Ж. есімді әйел шағын несие сайттарын пайдаланып, екінші деңгейлі банк арқылы кепілсіз несие алу бойынша қызмет ұсынған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы әйел ұсталды. Барлық арыз тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз "қызметі" үшін 100-ден 200 мың теңгеге дейін сыйақы сұраған. Ақшаны алғаннан кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған, ал түскен ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған", - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

@massagan_maskara
12 views04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 09:04:02
Теңіз кен орнында жұмысшы өзіне қол жұмсады. 5 шілдеде Теңіз Шевройл компаниясының мердігері «Сенімді құрылыс» мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып, компанияға хабар берген.

«Сенімді құрылыс» мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді», – деді ТШО баспасөз қызметі.

Атырау облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Бұл мәселе бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. @massagan_maskara
17 viewsedited  06:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 07:18:16 Қазақстанда өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны 330 адамға жетті

10 адам ковидтік пневмонияға шалдыққан. Індетке шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр.

Еске салсақ, 4 шілде күні Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңірде шектеу шаралары енгізілді. Атап айтқанда, тұрғындарға жабық ғимараттарда маска тағу ұсынылды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы да «сары» аймаққа жақындап келеді. @massagan_maskara
17 viewsedited  04:18
Ашу / Түсініктеме