Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-08-03 15:07:02
Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елордада бензиннің "дефицитіне" қатысты түсініктеме берді.

"Елімізде бензин тапшылығы жоқ. Біздің жанар-жағармай құю бекеттеріне қанша көлік кіріп, қаншасы шығатынына байланысты. Олар өздерінің орташа шығынын шамамен біледі. Соған сүйене отырып, мұнай базаларынан немесе зауыттардан отынға тапсырыс береді", — деді ведомство басшысы.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қалада АИ-92 маркалы бензин қоры бар екенін, жанармай 17 күнге жететінін айтты. Оның айтуынша, Gasenergy компаниясы сатып алу процесін өткізіп жіберіп, Нұр-Сұлтанға жеткілікті көлемде бензин сатып алмаған. Бұл – олардың логистикалық мәселесі.

@massagan_maskara
14 views12:07
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 12:46:02
Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 2 адам қайтыс болды

Қазақстанда 1 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бүгінгі таңда елімізде 27 747 адам КВИ-ден емделіп жатыр. Олардың 27 498-нен коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталса, қалған 249-да аурудың симптомдары ғана бар.

Стационарда 1 505 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың 32 науқасы ауыр халде, 8 науқас аса ауыр халде
үшеуі ӨЖЖ аппаратына қосылған.

@massagan_maskara
13 views09:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 09:30:52
Қазақстандық оқушылар "қызыл аймаққа" қарамастан сабаққа барады

Қазақстанның белгілі бір өңірі "қызыл аймаққа" енсе де, мектептегі оқу жалғаса береді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, білім ошақтарында тек тазалық жұмыстары көбірек жүргізілетін болады.

Мектептердің кіре берістеріне арнайы фильтр орнатылады. Қандай да бір іс-шараларды, тіпті ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.

@massagan_maskara
15 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2022-08-03 08:23:31
Шымкент тұрғыны мемлекеттік грантқа құдалық өткізген

Шымкент қаласының тұрғыны мемлекеттен берілген 1 225 000 теңге грантты кәсібін дамытуға емес, құдалық өткізуге жұмсады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Өткен жылы кәсіп бастаймын деп қаражат алған 23 шымкенттік тұрғын мемлекеттік грантты жеке басының мәселесін шешу үшін жұмсаған екен. Барлығы дерлік жауапқа тартылған, жұмсалған ақша қазынаға қайтарылды.

"Мемлекеттен алған ақшаны несие төлеуге, той жасауға жұмсауға болмайды. Бұл ақша бизнесті дамытуға, басқа адамдарға жұмыс орнын ашуға жұмсалуы тиіс. Біз енді жаңа ереже енгізіп отырмыз, тоқсан сайын олардан жұмсаған ақшасының есебін алып отырамыз", — деді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.

Фото: tengrinews.kz

@massagan_maskara
15 viewsedited  05:23
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 15:28:01
Sadraddin-нің концертінде болған оқиға министрлер назарына түсті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында әнші Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы концертінің суретін көрсетті.

"Cары" аймақта орналасқан Нұр-Сұлтанда жабық орындарда көпшілік жиналған шаралар өтіп жатыр. Бұл ретте медициналық бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ұсыныстар орындалмайды, бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына әкелуі мүмкін", — ведомство басшысы.

31 шілде күні елордада "Хан Шатыр" сауда орталығында қазақстандық әнші Sadraddin-нің концерті өтті.

Фото: видеодан үзінді

@massagan_maskara
1 view12:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 13:40:17
Роуд-джампинг аттракционының нұсқаушысы 4 жылға сотталды

Қарағанды соты аттракционнан арқанмен секіру кезінде қаза тапқан азаматшаның өліміне қатысты үкім шығарды.

Соңғы сөзін айтқан аттракцион нұсқаушысы Александр Музникас прокурордың таққан айыптарымен мүлдем келіспейтінін жеткізген.

"Менің әрекеттерімде ешкімге зиян тигізу, әсіресе өлімге әкелу деген ниет болмады. Мына нәрсені қосып өткім келеді: сәтсіздікке ұшырап, соңы өлімге алып келген жүйені мен жасап шығарған жоқпын. Секірушілерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеген мен емес едім, сондай-ақ коммерциялық ағынға салып, одан пайда тапқан да мен емес. Ол күні мен мекемеде жалғыз болмадым", – деді айыпталушы.

@massagan_maskara
6 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 11:08:19
Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент демалысын қайда өткізетіні айтылған жоқ. Айта кетейік, 2021 жылы президент шілде айында Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының маңындағы демалыс аймағында демалған еді.

Фото: Берік Уәли

@massagan_maskara
9 views08:08
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:00:06
COVID-19 жұқтыру көрсеткіші өсе бастады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты.

Министрдің дерегінше, 20 маусымнан бастап Қазақстан бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады. Соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.

"Кейінгі тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр", — деді Денсаулық сақтау министрі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

Фото: trend.az

@massagan_maskara
4 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 15:01:01
Нұр-Сұлтаннан Баянауылға чартерлік рейстер ашылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларынан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы демалыс үйлерінің иелеріне сыйымдылығы 9 адамдық Ан-2 ұшағымен Нұр-Сұлтан-Баянауыл және Қарағанды-Баянауыл бағыттарында чартерлік рейстерді орындау мүмкіндігі ұсынылды.

"Демалыс үйлерінің иелері бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан Баянауылға аптасына үш рет, қыста аптасына бір рет тұрақты рейстер жоспарланып отыр", — деді басқарма өкілдері.

@massagan_maskara
11 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 13:48:01
Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.

"Сарапшылар туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам дайындады. Талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн - нан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін", — деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға немесе 33% - ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 414 мың адамға немесе 20% - ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 369 мың адамға, немесе 32% - ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

@massagan_maskara
11 views10:48
Ашу / Түсініктеме