Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2022-07-14 09:31:22
Өткен тәулікте мыңнан астам қазақстандық COVID-19 жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1104 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.

Вирус, әсіресе, Алматыда тез таралып жатыр. Мұнда 350 адамның бойынан коронавирус инфекциясы анықталған. Елордада – 328, ал Шымкентте жүзден астамының ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Қазір төрт мыңнан астам адам қазір ем алып жатыр. 15 науқастың халі ауыр. Бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

@massagan_maskara
3 views06:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 07:18:15
Нигериялық жігіт пен қазақ қызы ұлын сүндеттеді

Нигериялық азаматымен шаңырақ құрған Құлсары тұрғыны Заида Жаңабаева 8 күндік ұлын сүндеттеді.

Заиданың айтуынша, жұбайының елінде бала туғанына 8 күн толған кезде сүндеттеледі. Қазақтың сүндеттеу рәсімі 4-5 жаста дегенді естіген ол таңғалған екен. Қазақ азаматшасының пайымдауынша, ғалымдар да, медицина өкілдері де баланы туғаннан сүндеттеуді қолдайды.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде африкалық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық қыздың ұзату тойы желіні шулатқан еді.

@massagan_maskara
8 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:45:00
Елордалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Жұмағұлов Ақан Маратұлын таныстырды.

Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорданың қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Осыдан бұрын Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарды.

Сонымен қатар аудандық соттардың төрағалары мен елордалық қалалық соттың судьялары да таныстырылды. Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.

@massagan_maskara
13 views12:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 14:42:08
Головкин спорттық мансабын аяқтайды ма

Орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстан өкілі Геннадий Головкин спорттық мансабын аяқтау туралы ойымен бөлісті.

"Маған айту қиын. Мен өзім ең жақсы боксты ең жоғары деңгейде көрсете алатынымды сезінбейінше жалғастырамын. Тәнім тоқта демейінше жалғастырамын. Менің де 160 фунт салмақта үш белбеуім бар, сондықтан алдағы жекпе-жекте жеңіске жету немесе жеңілу менің спорттық мансабымды аяқтау туралы шешіміме әсер етпейді. Бұл өзіңізге адал болу, сіздің тәніңіз және ақыл-ойыңызды тыңдау және сезінуде. Егер оны сезсең, тоқтайсың", — деп келтіреді боксшы.

@massagan_maskara
13 views11:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 12:12:52
Тараздағы "Қазфосфат" зуыты жабылуы мүмкін

Тараздағы зауыт зиянды заттар шыққан соң жабылуы мүмкін, оған себеп — қаланы басқан қалың тұман. "Қазгидромет" атмосферада улы газ – азот диоксиді мен күкіртсутегінің табылғанын растады. Енді Тараздық "Қазфосфаттың" болашағын облыстық экология департаменті шешеді.

"Сынамалар алынды, күкіртсутегінің зиянды заттары нормадан асып түсті. Қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру дайындалуда. Жөндеу жұмыстарына дейін зауыт жұмысын мүлде тоқтатуы мүмкін", — деді Жамбыл облысы экология департаментінің жетекшісі Серік Нұрбаев.

Зауыт өкілдері болған оқиғаның себептері анықталып, кінәлілердің іздестіріліп жатқанын айтады.

@massagan_maskara
16 views09:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 08:57:15
Алматы облысында заңсыз рулетка ойыны ұйымдастырылған

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері тиісті рұқсат құжатынсыз бірнеше ойын мекемесінде "үстел-рулеткаларды" заңсыз орнату дерегін анықтаған.

"Ойынға арналған залдар Алматы облысы аумағында орналасқан, тек ойын автоматтары қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген. Алайда мекеме ұйымдастырушылары кіріс алу мақсатында, крупье жұмыс істейтін "рулеткаларды" пайдаланған, бұл - "Ойын бизнесі туралы" Заңды бұзу, өйткені ойын үстелінде ойыншының қатысуына тек казинода рұқсат етіледі", — делінген хабарламада.

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

@massagan_maskara
13 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:42:02
COVID-19: Алматыда шектеу шаралары күшейтілді

Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы таралуын болдырмас үшін шектеу шараларының күшейтілгенін мәлімдеді.

Қазақстанда COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды:

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру;
- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру;
- жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.

@massagan_maskara
6 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 12:00:13
Баян Алагузованың экс-жұбайы мерзімінен бұрын босатылады

Қонаев қалалық соты продюсер Баян Алагузованың бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандырды.

"Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 рет мақтау, 1 рет ескерту алды. Жазаның жарты бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай 2 күнін өтеді. Тәртібі 3 оң дәрежемен бағаланады. Жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен салынған 756 269 теңге процестік шығындарды ерікті түрде өтеді", — делінген хабарламада.

Осыған дейін 2016 жылы Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталды.

@massagan_maskara
9 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 09:45:05
"Қазфосфат минералды тыңайтқыштар" зауытында апат болды

Экология министрлігінің хабарлауынша, Тараз қаласындағы "Қазфосфат минералды тыңайтқыштар" ЖШС зауытында апат болды.

Ұйымның мәліметінше, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта газ бөлінген. Кейін түтін қалаға тараған. Газдың шығуы қала тұрғындарына қауіп төндірмейтіні айтылды.

"Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық шығарынды көздері үздіксіз бақылауда. Тараз қаласының экологиялық жағдайы тұрақты", — деді компания өкілдері.

@massagan_maskara
3 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 07:21:52
Сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті Болат Алтынбеков ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, күдікке ілінген азаматтардың көпшілігі шетелде жасырынып жүр. Солардың бірі жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбеков Ресейде ұсталды.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды. Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін "Алтынбековтен" "Алшерге" өзгерткен", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.

@massagan_maskara
9 viewsedited  04:21
Ашу / Түсініктеме