Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-07-25 14:55:12
Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті

Шымкентте 3 жастағы бала бассейнге құлап кетіп, комаға түсті.

23 шілде күні үлкендердің қарауынсыз қалған бала тереңдігі 1,4 метр қаңқалы бассейнге құлап кетті. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр. Қазір комада жатыр.

Дәрігерлер 24 шілдеге қараған түні болған тағы бір қайғылы оқиға туралы мәлімдеді.

"Самал-3 шағынауданындағы жеке үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен. Бала қалалық балалар ауруханасына түсті", – деп қосты дәрігерлер.

@massagan_maskara
17 views11:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:45:10
Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа орналасу үшін эссе жазады

Енді мемлекеттік қызметкер болуға ниет білдірген азаматтар эссе жазатын болады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері мәлімдеді.

Тиісті заң жобасы парламенттің қарауына жіберілді.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаевтың хабарлауынша, әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу құралдарын әзірлеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ол үшін цифрлық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетіне тестілеу, құзыреттер бойынша сұхбат, эссе жазу және профильді тестілеуден өту сияқты жаңа тәсілдер қарастырылуда.

@massagan_maskara
19 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 12:02:01
Ақтөбелік азаматқа найзағай түсті

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында малшыға найзағай түсті. Қазір оның жағдайы тұрақты.

ТЖД мәліметінше, төтенше оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде ер азаматтың мал бағып жүрген кезінде болған.

Қазіргі таңда 41 жастағы азаматтың жағдайы тұрақты. Ол бірден Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді.

@massagan_maskara
19 views09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 08:15:06
Суға кеткен журналистің денесі 5 күннен соң табылды

Ақмола облысында суға кеткен журналистің денесі 5 күннен соң табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Журналист Арнасай ауылындағы демалыс орында гидроцикл айдады. Бір сәтте оған ие бола алмай, суға құлап түседі. Марқұм 19 шілдеден бастап іздеуде болды.

Белгілі болғандай, Изатима Самтықбаева Atameken Business News агенттігінде қызмет еткен. Atameken Business ұжымы бойжеткеннің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

@massagan_maskara
22 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 11:04:01
Қырғызстанда Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ыстықкөлдегі "Рух Ордо" мәдени орталығынан алынып тасталды. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ KaktusMedia хабарлады.

"Ескерткіш көлге жақын жерде – аркалардың оң жағында орналасқан. Ол 2005 жылы 65 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған. Ол енді Рух-Ордоның жаңа фотоларында ескерткіш жоқ. Ескерткіш бір жылдан астам уақыт бұрын алынып тасталғанға ұқсайды, өйткені былтыр демалушылар түсірген видеода ол болмаған" делінген хабарламада.

Қырғызстан президентінің әкімшілігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме бермеген.

@massagan_maskara
7 views08:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 08:58:01
Қазақстанда кейбір қызметкер қашықтан жұмыс істеуге жіберіледі

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша кімдердің қашықтан жұмыс істей алатыны белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілерінен жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіру талап етілді.

Сондай-ақ, аталған жауапты органдарға білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізбеу тапсырылып отыр. Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

@massagan_maskara
5 views05:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 12:40:09
Қазақстанда ВИЧ-ауруларға бала асырап алуға рұқсат етіледі

ВИЧ-пен ауыратын қазақстандықтарға бала асырауға рұқсат берілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

"Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесінен адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) алып тастау көзделген", — делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Құжат 4 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

@massagan_maskara
10 views09:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 09:29:01
Қазақстандық Нора Джерутоның қанша сыйақы алатыны белгілі болды

3000 шақырым кедергілер арқылы жүгіруден алтын алған Кения тумасы Нора Джеруто жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекіткен. Әлем біріншілігінің алтын жүлдесі үшін спортшыға 70 мың АҚШ доллары беріледі.

Одан бөлек, федерация мен демеушілер тарапынан да чемпионға қомақты қаражат ұсынылады. Отандық жеңіл атлетика федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Алексей Кондраттың айтуынша, Қазақстанда әлем біріншілігінің чемпионына 20 мың доллар көлемінде сыйақы берілуі мүмкін.

@massagan_maskara
17 views06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 14:21:00
Атырауда облысының әкімі орынбасарларының санын қысқартты

Атырау облысы әкімінің екі орынбасарының лауазымы қысқартылды.

Президенттің Жолдауында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы тапсырма берген еді. Осыған байланысты Атырау облысы әкімі орынбасарларының саны екі адамға қысқарды.

Облыс әкімінің болған бес орынбасарынан енді үшеуі ғана қызметінде қалды. Әкім орынбасарларының бірі Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың желтоқсаннан бері қамауда. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелді.

@massagan_maskara
10 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 12:02:00
Ақмолада суға батқан бойжеткеннің денесін үш күн іздеп жүр

Ақмола облысында суға батып кеткен 27 жастағы қыздың денесі екі күннен бері табылмай жатыр.

19 шілде күні Аршалы ауданы аумағындағы Астана су қоймасында 20 метр тереңдікте, 1995 жылғы қыз су гидроциклінен құлап, суға батып кетті. Қазіргі уақытта құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар құтқарушылар тобы суға батқан адамды іздестіруде.

Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде енгізілді

@massagan_maskara
15 views09:02
Ашу / Түсініктеме