Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-07-28 12:50:10
Роупджампингтегі әйел өлімі: нұсқаушы кінәсін мойындамады

Қарағанды қаласының сотында Евгения Леонтьева мерт болған роупджампинг аттракционның нұсқаушысы соңғы сөзін айтты. Ол өз кінәсін мойындамай, марқұмның отбасына көңіл айтты.

"Мен Евгения Леонтьеваға жақтауға тұр деп айтқан жоқпын. Секіруге де пәрмен берген жоқпын. Желіде тараған видеода да ондай жоқ. Менің ойымша, марқұмның жанұясы маған қатысты біржақты пікірде. Оларды түсінуге болады. Олар жақын адамынан айырылды. Оларға шын жүректен көңіл айтамын. Бірақ соттың әділдігіне үміттенемін", — деді сотталушы соңғы сөзінде.

2021 жылдың 21 қазанында роупджампингте 33 жастағы қарағандылық азаматша қаза болды. Ол "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алды.

@massagan_maskara
17 views09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 10:29:00
Қазақстанда тағы 6 университет жабылуы мүмкін

Отандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", — деп жазды министр.

Оқыған білім ордасы жабылған 100 мыңнан астам студент оқуын басқа ЖОО-ларда жалғастырды. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензиясы кері қайтарып алынды.

@massagan_maskara
17 views07:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:12:45
Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан елге оралды

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда еңбек демалысын өткізіп, елге оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Экс-президент Түркияда өзінің жақындарымен бірге болған және бөтен ешкіммен кездесу өткізбеген екен.

"Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы еңбек демалысынан кейін елге оралды. Демалысын ол жақын туыстарымен бірге өткізді. Анонимді дереккөздер тұңғыш президенттің шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездескенін таратуда, бұл шындыққа жанаспайды", — деп жазды Айдос Үкібай.

@massagan_maskara
9 views05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 13:39:01
Алматы облысында ауыл тұрғыны әкімдік ғимаратта киім жуды

Желіде әкімдік ғимаратының дәлізінде кір киімдерін жуып отырған әйелдің видеосы тарады.

Азаматша бұл іс-әрекеті арқылы Талғар ауданындағы су тапшылығы проблемасына назар аудартқысы келді. Ол тек кір жуып қана қоймай, смартфонына не болып жатқанын түсіріп жатыр.

"Мұнда мен ұялатын ештеңе жоқ" — дейді әйел. Ал оның жанында дәлізде отырған екі кішкентай бала бар.

@massagan_maskara
2 views10:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:47:01
Екібастұзда жұмысшылар мінген автобус аударылды

Павлодар облысы, Бәйет ауылының маңында жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Облыстық полиция департаментінің жүргізуші рөлге ие бола алмағанын мәлімдеді.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, автобус Павлодар-Нұрсұлтан тас жолының 139-шақырымында апатқа ұшыраған. 40 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, автобус жыраға аударылып кетті. Көлікке Атырау қаласына шыққан вахталық әдіспен жұмыс істейтін мамандар мінген екен.

Ведомствоның айтуынша, 16 адам медициналық көмекке жүгінді. Олар дене жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі ауырсынулармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілген.

@massagan_maskara
5 views05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:05:36
Қазақстан сиыр және қой етін Сауд Арабиясына экспорттайды

Қазақстандық ет өндірушілер енді сиыр еті мен қой етін Сауд Арабиясына экспорттай алады. Тиісті келісімдер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабияға ресми іс сапары аясында қабылданды.

Сиыр еті мен қой етін импорттауға қойылатын санитарлық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Аталған құжат қазақстандық ет өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

@massagan_maskara
8 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 15:14:01
Елдің үш өңірінде арнайы операция жүргізілді

Азаматтарға телефон арқылы хабарласып, жақындарын жазадан босату үшін ақша аударуды талап еткен қылмыскерлер ұсталды.

ІІМ-нің хабарлауынша, сәуір айынан бастап Қызылорда облысы интернет алаяқтарды құрықтау бойынша Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында жүргізілген арнайы іс-шара сәтті аяқталды. Облыс аумағында осы сипатта 32 қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушілерге шамамен 24 миллион теңгеге көлеміндегі шығын келтірілді.

Іс-шара барысында әр облыста бір-бірімен сыбайласу арқылы алаяқтықпен айналысып келген 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Қылмыстық топтың өзге де өңірлерде орын алған алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.

@massagan_maskara
13 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 11:53:01
Тамызда қант тапшылығы болмайды – министр

Қант тапшылығы Қазақстанда, болжам бойынша, тамызда болмайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

"Тамыз айындағы болжамды қажеттілік 69,8 мың тоннаны құрайды. Айдың басында республика бойынша қанттың қоры – 35,1 мың тонна. Ақ қант импорты 42,2 мың тонна деңгейінде болады күтіліп отыр. Қант зауыттарының дерегінше, шамамен 41 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Әкімдіктердің қорын ескерсек, республика бойынша қанттың жалпы қоры 118 мың тоннаны, нарықтың қамтамасыз етілу деңгейі 169% құрайды. Сонда шілде және тамыз айларында қант жеткілікті болады", — деді ол.

Алайда өзіндік құнынан бағасы төмен қант жеткіліксіз болады. Ондай бағамен сатылатын қант жеткілікті болмайды да. Себебі әкімдіктер кез келген өнімді өзіндік құнынан төмен бағаға сата алмайды екен.

@massagan_maskara
12 views08:53
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 08:15:10
Нұр-Сұлтанда газ толтыру станциясы өртенді

Елордада газ толтыру станциясында болған өрт салдарынан 4 адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 25 шілде күні келіп түскен. Хабарламада Қобда көшесі, 6 мекенжайында өрт болып жатқаны айтылған. Дереу оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жіберілген.

Келген бойда өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың өртенуін және екі қабатты ангардың шатыры, сондай-ақ газ толтыру станциясында газдың лаулап жанып жатқанын анықтаған.

Жедел жәрдем станциясының ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен, өрт 00:05-те ауыздықталды.

@massagan_maskara
19 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 07:35:32
Алматыда таудан шыққан өрт сөндіріліп жатыр

Алматының тауларынан шыққан өрт тікұшақ көмегімен сөндіріліп жатыр. Табиғи өрт 25 шілдеде Медеу ауданындағы Қимасар шатқалынан шыққан.

"Тау баурайында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен соң, өртті сөндіруге дереу ТЖД құрамында 100 адам, 14 жаңа техника, оның ішінде атты патруль мен Іле-Алатау МҰТП инспекторларынан 60 адам, "109" құтқару қызметі мен«Қазавиаорман қорғаудан" 18 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіруге сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі Ми-8 АМТ тікұшағы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының 109-құтқару қызметінің су ағызу құрылғылары жұмылдырылған", — деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство қала тұрғындарына тауда ашық отты қолдануға, от жағуға, темекі шегуге тыйым салынатынын ескертеді.

@massagan_maskara
16 views04:35
Ашу / Түсініктеме