Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 26

2021-01-19 06:34:04 Құрметті оқырман! Бізді сағынып, жоғалтып жіберген шығарсыздар?!

Белгілі бір себептерге байланысты, байланысқа шыға алмадық. Енді өз жұмысымызды жандандырамыз!
79 views03:34
Ашу / Түсініктеме
2021-01-19 06:30:36
Димаштың АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында орындаған әні!

Міне билік пен шенеуніктер қарап, үйреніңдер! Сендердің имиджімізді әлемдік деңгейде көтереміз деп, ақшаны шашқандарыңызға көк тиын!

Бұл жігіт, бір ерекше дауысымен Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпірімен таныстырып жүр. Ең бастысы, әндері мен сөздері әрқашан қазақ тілінде.

Сендер болсаңдар, шетелге шығып, өз елімізде де орыстардың тілімен шұбыртып жүресіндер
74 views03:30
Ашу / Түсініктеме
2020-11-18 07:52:39
Мәссаған! Тележурналист Мақсат Толықбай эфирден кететінін мәлімдеді.

Ол ребрендинг жасаған, жаңа атау бойынша Адал партиясының құрамына кірген болатын. Демек депутаттыққа үміткер қатарында. Бірақ оны іске асыру үшін, парламенттік сайлауда оның партиясы кем дегенде 7% жинау керек.

Ал бірнеше ай бұрын, осы журналист әлеуметтік желіде журналисттер белгілі бір партия құрамында болмауы керек деген ой айтқан болатын. Сәйкесінше, өз сөзін орындады. Дегенмен партиясы парламентке өте алмаса, бәлкім қайта журналистика саласына оралуы ықтимал.
461 views04:52
Ашу / Түсініктеме
2020-11-07 18:21:58 БЕТІМЕН КЕТКЕН БІЛӘШ

Сонымен елді "алтыбақан алауыз" еткен Серікжан Біләш деген кім? Бұл сауалға әркім әрқалай жауап береді. Біреулер үшін ол Қытай елі жүргізіп келе жатқан әділетсіз саясатқа қарсы күрес ашқан қас батыр. Тағы біреулер үшін арғы жақтағы бауырларымыздың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаушы. Серікжанды "Біздің болашақ президентіміз", - дейтіндер де бар. Алайда оны шпион деп танитындар да аз емес.
Енді осы көпшілік "танымын" саралап көрелік. Сөз жоқ, Серікжан Біләш өте талантты жігіт. Шешен. Алайда шешендігі табиғи емес. Мектеп көргендігі аңғарылып тұрады. Себебі, шешендікке орай әдіс-тәсілдер қоса жүреді. Оның тағы бір қыры - көп тіл біледі. Рас, арғы беттен келгендердің қытай тілін білетіндігіне таңырқауға болмайды. Әйтсе де өзін Біләшпен ауылдас санайтын менің Қүл Керім інім ағылшаңды былай қойғанда ұйғыршаңды да қақпайды. Қытай тілін де біліп жатқаны шамалы. Жалпы өз басым осы уақытқа дейін арғы беттен оралған қандастарымыз арасынан Біләштан басқа ағылшын тілін білетін ешкімді кездестірген емеспін. Соған орай: "Осы бала қай мектептен білім алды екен ей?!", - деп қоямын дә.
Енді Біләштің күрескерлігіне келейік. Біз Мұхаңның қасында жүрген соң саяси ойындарды ептеп білеміз. Басы ашық жәйт. Қай саясаткер де өзінің өлетін жерін біледі. Олардың ешқайсысы да ат басындай алтын берсең де "қызыл шеңберден" өлсе де аттамайды. Егер "ұрықсат етілген" тақырыптан өзге бір ауыз сөз айтсаң өлігің көшеден табылады. Бұл - барлық ел ұстанатын саясат. Қытайда тіпті қатал. Енді сол қытай "бір қазаққа өзін жамандауға жол беріп қойды" дегенге кім сенеді?! Олар ым қақса болды біздікілер сол сәтте-ақ Біләшіңді шекарадан бір-ақ асырады. Солай бола тұра қытай жағы ешқашан "ым" қаққан емес. Неге? Себебі, Серікжан Біләш аузымен Қытай елі ұдайы насиқатталумен келеді. Біләш бізге жетпейтін Қытай сайттарындағы материялдарды аударып, Қытай елі әлеуетін жамандаған болып отырып насиқаттайды. Соған орай Америка назарына ілігеді. Олар тапсырмасын өз қожайындарына жеткізеді. Бұл - бір. Басы ашық жәйт. Біләшті қазақ билігі де ұнатпайды. Неге? Себебі ол Қазақ елінің Қытай елімен жүргізіп отырған саясатына нұқсан келтіреді. Енді "нұқсан келтіру" деген, басын ашып айтсақ, жаудың тірлігі ғой. Бірақ мектеп көрген бала ол тірлігін қарапайым халықты шулата отырып әдемі жүргізеді дә.
Келесі мәселеге келейік. Біләш неге Шахановтың шаужайына жабысуын қоймайды? Сондай-ақ ол не себепті әншілерге, өзге де айтулы тұлғалар мен дін қайраткерлерін сынға алды? Себебі ондай елге танымал адамдар өз елі мүддесіне қызмет етеді. "Қызмет етеді" дегенді дұрыс түсінейік. Байыбына барсақ, ондай адамдар өз елі мүддесі үшін арнайы мектеп көрген барлаушылардан да артық қызмет атқарады. Мәселен Қытай еліне барып шығармашылық кеш өткізген Мұхтар Шахановтың жалғыз өзі ол жақтағы қаншама бауырларымыздың өз еліне деген махаббатын оятты. Рухын көтерді. Шекара асқан өзге әншілер де өз елі үшін тап осындай қызмет атқарды. Ал Біләш болса солардың атына көлеңке түсіруге жанталасып бақты. Егер ол Шаханов пен өзге де тұлғаларды жоққа шығара алса, арғы беттегі қандастарымыздың рухы сынады. Сондай-ақ біздің мемлекеттік рәмізіміз - Көк Туды Біләш дамбал қылып киіп алса, ол жақтағы қазақтардың үні мүлде өшеді. Бұған екі жікке бөлініп айтысып жатқан өз арамыздағы қазақтарды қосыңыз.
Міне, осы мәселелерді Мұхтар Шаханов ағамыз біледі. Білген соң да ұлт зиялыларының басын қосып, мәлімдеме жасады. Сол мәлімдемесі арқылы біләшшілдардың бетін бері қайырғысы келді. Ал олар болса түкке түсінбеген қалпы ұлардай шулап әлі жүр. Араларында кезінде Мұхаң сенім артқан әжептәуір адамдар да бар. Қайсыбіріне ренжірсің.
Қазір Біләштің бұрышқа тақалған кезі. Жан-жағы қусырылып келеді. Егер Мұхаң оған қарсы қандай да бір әрекетке баратын болса, соны пайдаланып, Түрік елінен саяси баспана сұрамақ. Соған қарағанда ол түріктерді де ақымақ көретін тәрізді.
Өз тарапымыздан бір ауыз сөз қосайық. Серікжан, осы жерден тоқтай қал. Болмаса Түркияны да тастап шығуыңа тура келеді.

(Құдияр Біләл)
256 views15:21
Ашу / Түсініктеме
2020-11-07 13:43:18
"Таулы Қарабақ конфликтісіне түбегейлі нүкте қояр кез келді. Сонда ғана әділет пен бейбітшілік орнайды. Әлдекімдер айтып жүргендей армян жеріне ентелей енетін ойымыз жоқ. Мұның бәрі арандату. Тарихи тұрғыдан әзірбайжан халқына тиесілі жерді кері қайтармай жанымыз жәй таппайды, көңіліміз тынышталмайды”, – деді Әлиев
170 views10:43
Ашу / Түсініктеме