Get Mystery Box with random crypto!

Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерден 21 адам мерт болды 1-2 | Мәссаған... масқара!!!

Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерден 21 адам мерт болды

1-2 шілдеде Нүкісте болған тәртіпсіздіктер нәтижесінде қаза тапқандар саны 21-ге жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

"Медицина қызметкерлерінің салған күшіне қарамастан, аса ауыр халде болған тағы үш адам қаза тапты", — деді ол.

Сондай-ақ Шамсутдинов ауруханаларда көмекке жүгінген 274-тен 16 адам ем алып жатқанын атап өтті.

Осыған дейін 18 азаматтың, оның ішінде төрт құқық қорғаушы органдары қызметкерлерінің қаза тапқаны белгілі болды.

@massagan_maskara