Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 25

2021-02-08 06:24:49 Алдағы 10 жылда Илон Маск төмендегідей жетістіктерге жетуді мақсат тұтуда:
1. Starlink жобасы аясында әлем тегін интернетпен қамтамасыз етіледі.
2. Айға турист ретінде бару қалыпты жағдайға айналады.
3. Космосқа турист ретінде ұшу бағасы адамзат үшін ұшақ билетімен бірдей болады.
4. Марсқа алғашқы адамдардың қоныстануы басталады. Түбінде 1 млн адамзат баласы Марста өмір сүреді.
5. Жасанды интеллект арқылы роботтардың адам өміріндегі ролі артады. Көп жұмыстарды роботтар атқарады.
6. Онмыңдаған километр қашықтыққа арнайы жасалған туннелдер арқылы 2-3 сағатта жету мүмкін болады. Осы арқылы адамзат баласының Европада тұрып, АҚШ-та жұмыс істеуі қалыпты жағдай болады.
7. Тесла көлігі жанармаймен жұмыс істейтін көз үйренген көліктерді ауыстырады. Бұл процесті жеңілдету үшін Тесланың барлық инженерлік құпиялары инетте әлемге ашық. Кез келген адам оқып, танысып, жетілдіре алады. (Осыны оқып шыққан қазақ баласы бар ма?)
8. Күн энергиясын алу жолдары жетілдіріліп, әлем қуатты алудың экологиялық таза жолына көшеді.
Гуглдің құрушысы Ларри Пейдж "Егер гуглды қайта құру мен байлығымды Илон Маскқа беру таңдауы тұрса, бар байлығымды Маскқа берер едім. Бұл адам Марсқа кетіп адамзат баласының өмірін өзгертеді" деген екен. Әрине қарапайым біз секілді жандар мұндай ойларды түсінбейміз. Бірақ генийлер сол үшін де гений.
Масктың ойынша адамзат баласының тек қана жер планетасында өмір сүруі қауіпті. Міндетті түрде адам ұрпағы сақталуы үшін екінші бір планетада да адам баласы өмір сүруі керек. Себебі бір заманда жер планетасында катастрофа орын алып, бәрі жойылуы мүмкін. Сол үшін де Марсты альтернатива ретінде игеруіміз керек дейді.
Сіз бұл оймен келісесіз бе?..
39 views03:24
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 08:24:52 Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруден босатылатын заң 13 ақпанда күшіне енеді.

Енді жүргізушілер тек бір құжатты - жеке куәлікті алып жүрсе жеткілікті.

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, техникалық төлқұжатты, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Интернет болмай қалған жерде радиобайланыс арқылы тексеріледі.

Жаңа нормалар қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және елімізде тіркелмеген көлік жүргізушілеріне қатысы жоқ.
57 views05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 09:09:36
Қазақстанда вакцинациялаудың жаппай кезеңі басталды. Отандық вакцина болса, көктем соңына қарай дайын болады деп күтілуде.

Ал әзірше ресейдің вакцинасын егіп жатыр екен. Одан бөлек басқа шетелдік вакциналарды елге алып келеміз деп, шенділер уәде беріпті.

Бірақ ел басқаратын, жоғары шенді лауазымды тұлағалар вакцинаны әлі жасамаған. Тек әкімдер, министр орынбасарлары...

Енді халыққа үлгі көрсетіп, өздерінен бастаған жөн секілді. Әйтпесе халықта біраз сенімсіздік бар.
67 views06:09
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 13:46:19
Осылар осыдан сексен жыл бұрын бізге шабуыл жасады дегенге сенгің келмейді. Өте мейірбан халық қой! Қанша айтқанмен, туып-өскен жерлерін, мейірімді қазақ халқын ұмытпайды өздері...

Қазақ жерінде туып, өскен неміс осындай
71 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 14:21:06
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Марат Шорановтың мәлімдеуінше, Қазақстанда коронавируске қарсы екпе туралы жалған ақпарат таратқан адам 8 миллион 751 мың теңге айыппұл төлеп, тіпті, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, 1 ақпанда елде жаппай вакциналау басталады. Жалпы Қазақстанда 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы екпе салынады. Денсаулық сақтау министрлігі, Ресейден келесі айда "Спутник V" вакцинасының алғашқы тобы жеткізілетінін айтты. Екпені алдымен дәрігерлер алады. Наурыздан бастап мұғалімдер мен күштік құрылым қызметкерлеріне салынада, студенттердің кезегі сәуірде келеді. Жыл соңына дейін қалған сала қызметкерлері мен ниет білдірген азаматтарға да салынады.
86 views11:21
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 12:57:21
Карантин кезінде тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған файтер Қуат Хамитовтың 6 айға бас бостандығы шектелді.
72 views09:57
Ашу / Түсініктеме
2021-01-27 14:43:17
Бекшин: «Өкінішке орай, біздің азаматтарымыздың бір бөлігінде демалуға жеткілікті қаражат бар...»
77 views11:43
Ашу / Түсініктеме
2021-01-21 08:37:54
Алдағы уақытта көлік жүргізушілері өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты алып жүрмеулеріне болады. Сенаторлар тиісті заң жобасын қабылдады деп хабарлайды.
Жаңа заңға сәйкес, полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің құжатын деректер базасынан тексере алады. Бұл үшін тек жеке куәлік болса жеткілікті. Яғни жүргізушіге құжаттарын ұмытып кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.
Алайда шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелден алғандар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруі тиіс. Өйткені қазақстандық полицейлер өзге мемлекеттердің деректер базасына кіре алмайды.
Қабылданған заң жобасы қол қою үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіледі.
113 views05:37
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 13:54:09
Шымкентте, пара алды деп айыпталған мектеп директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген деректерге қарағанда, педагог мемлекеттің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салып, алаяқтық жасаған.
Еңбекші аудандық сотының судьясы Аинель Орақбаеваның айтуынша, айыпталушы мектеп директоры бола тұра өзінің қол астындағы мұғалімдерінің айлықтарын иемденген. "Мысалы басқа мұғалім кезекті еңбек демалысына немесе жарамсыздық парағында болған кезде оның міндеті басқа қызметкерге жүктеледі. Соның арасындағы айлық айырмашылығын иемденген", – дейді Аинель Орақбаева.
99 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-01-19 06:44:56 ​​Байденнің инагурациясына орай өткізілген кештің ұйымдастырушысы "Sister Cities International" компаниясының өкілі Dean Suozzi-Auberry өзінің InfoArtit JK (АҚШ) каналына берген сұхбатында:

— Неге Димаш Құдайберген, ол кісіні қандай қасиеттеріне байланысты таңдадыңыздар?— деген сұрағына

— Әлемге белгілі әншілердің арасынан жан-жақты зерттей келе таңдауымыз Димаш Құдайбергенге түсті. Себебі, Димаш— ұлтын сүйетін азамат, бойында адамдық құндылықтың қазынасы бар тұлға. Ол— әлемдік бейбітшіліктің символы іспетті. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар жақсы көреді. Біздің ойымызша ол саясаттан биік тұлға. Өзінің әнімен, тамаша даусымен тілі бөлек, танымы бөлек миллиардттаған жандардың жүрегіне жол тапқан нағыз өнерпаз, әлем елшісі деуге болады.

Екіншіден Орта азиядағы мемлекеттермен қарым-қатынасымыз жақсы, Қазақстанмен де тығыз байланыстамыз. Бұл жақындығымызды оданда ары жақындата түскіміз келеді.

"Самалтау" әні — ұлтын сүйген, тыныштықты аңсаған, жанұясының бақытты ғұмыр кешкенін армандаған, құлдық кісенінен босанғысы келген кеудесіне шер толған азаматтың әні. Тарихи ән! Біз сондықтан осы әнді таңдадық, — деген екен.
99 views03:44
Ашу / Түсініктеме