Get Mystery Box with random crypto!

Мәссаған... масқара!!!

Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!! М
Telegram арнасының логотипі massagan_maskara — Мәссаған... масқара!!!
Арна мекенжайы: @massagan_maskara
Санаттар: Спорт , Фактілер
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 821
Арнадан сипаттама

Қызықты, құнды деректер.🤔👌
Ұзын құлақпен жеткен ақпарат👂🤫
Ащы шындық👀💥
Пайдалы кеңестер👌📢
Ұят болады🙊💣
Кері байланыс үшін хабарласыңыз @MassaganBot

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-22 09:20:00
Қызылорда облысында бала өлімі көбейді — дәрігерлер

Қызылордада ана мен бала өлімі жиілеп кетті. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, былтыр дәл осы кезеңде 94, ал биыл 113 нәресте шетінеген.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласында ана өлімі тіркелген. Мамандар жүкті әйелдердің басым бөлігі қауіп-қатер жағдайында босанатынын айтады. Олардың денсаулығына экологиялық фактілер тікелей әсер етіп отыр. Өлім-жітімнің артуы кадр тапшылығымен де байланысты.

"Босандыру ұйымдарының барлығында 106 акушер-гинеколог жұмыс істесе, 71 пайызы оперативті техниканы меңгерген. Оның ішінде алтауы ғана кең көлемді оталар жасай алады. Бұл мәселе акушерлік шұғыл жағдайларда өте маңызды", — дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

@massagan_maskara
16 views06:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 07:57:24
Қайрат Құдайберген коронавирус жұқтырып алды

Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы оның туыстары хабарлады.

“Қайраттың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Адвокаттармен бірге тест тапсыру мүмкіндігін алу үшін бір апта жүрдік. Бүгін бәрі расталды. Біз оған бірдеңе болып қала ма деп, қорқамыз. Ол 16 шілдеден бері ауырып жатыр, ұлыммен кездескенде оның дене қызуы қырық градусқа дейін көтерілгенін байқадым”, – деп жазды анасы әлеуметтік желіде.

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Оны Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деп айыптады.

@massagan_maskara
14 views04:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:15:00
Елордалық азамат Жоғарғы сот алдында өзін өртемекші болды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот алдында ер азамат үстіне бензин құйып, өзін өртемек болды. Оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"М.-нің Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы екені анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды", — делінген сот хабарламасында.

Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметтемеушілік білдіруге бағытталған, қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.

@massagan_maskara
20 views11:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:00:00
Ахметов vs Тайжан: Ұлтшылдар арасында кезекті дау

Ұлтшылдар қауымы екі бөлінді, оған себеп - танымал патриоттар шетелге кеткелі белсенділігін танытқан Мұхтар Тайжан. Оның бұл әрекетін тіл жанашыры Қуат Ахметов көзбояушылық деп таныды.

"Ұлтшылдарды толық құртқанда, соттағанда енді шығып жатыр. Ондай көзбояушылық керек емес. Одан да теннис ойнап жүре бер", - деді ол өзінің видео-үндеуінде.

Осыған дейін Мұхтар Тайжан бес жыл бас бостандығынан айрылған Данат Намазбай бен Марғұлан Боранбайды құтқаруға ат салысатынын мәлімдеді.

@massagan_maskara
16 views11:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 12:09:59
Кениялық жеңіл атлет Қазақстанға алғашқы "алтын" әкелді

Қазақстанның атынан шыққан Нора Джеруто әйелдер арасында кедергімен жүгіруден 3000 метр қашықтықта әлем чемпионы атанды.

АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында ол 3000 метр қашықтықты 8 минут 53 секунд ішінде жүгіріп өткен. Жалпы, әлем чемпионатына Қазақстан атынан 12 спортшы қатысқан болатын. Кениядан шыққан Нора Джеруто биыл Қазақстанның азаматтығын алған еді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы алғашқы алтын медалі.

@massagan_maskara
19 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 08:38:23
Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына ұшып барды.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінің бес президенті Ыстықкөлдің жағасында орналасқан қалаға түгел жиналады.

Консультативтік кездесуде мемлекет басшылары аймақтағы ынтымақтастыққа қатысты "ХХІ ғасырдағы Орталық Азияның дамуы үшін бес мемлекет арасындағы достық, тату-көршілік және ынтымақтастық" секілді бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.

Құжат тараптардың саудадағы, әскери саладағы, логистика мен мәдениеттегі қарым-қатынастарын жандандыра түспек.

@massagan_maskara
20 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 07:47:22
Коронавирус: Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа кірді

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа енді. Бұл туралы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасынан белгілі болды.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, "жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.

@massagan_maskara
19 views04:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:32:01
Абай облысында әскери қызметкер өзіне-өзі қол жұмсады

Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады. Сарбаздың бұл қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз болып отыр.

"Қазіргі таңда әскери қызметкердің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК 201 бабына байланысты жариялауға жатпайды", — деп жауап берді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Марқұм әскери қызметкердің артында бес баласы қалды. Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы сынақ алаңында әскери қызметкерді әріптесі атып тастаған болатын. Оның туыстары Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сенбейді. Өйткені Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары жігітті алдымен өзі, кейін тағы да қоңырау шалып сарбазды досы атып тастады деп хабарлаған.

@massagan_maskara
5 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 12:03:01
Алматыда субұрқақтарға 478 млн теңге жұмсалады

Биыл алматылық субұрқақтарды күтіп-баптауға жергілікті бюджеттен 478 млн 660 мың теңге бөлінді. Қала әкімдігі "Eco Almaty" ЖШС-мен келісім-шарт жасақтап, компанияға 211 млн 584 мың теңгені аударып үлгерген.

Мердігер компания қала субұрқақтарына жыл бойы қызмет көрсетіп, олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Бұл компания өткен жылы Алматының да субұрқақтарына қызмет көрсеткен.

“Eco Almaty” ЖШС өкілдерінің айтуынша, бір субұрқақты күтіп, баптап, таза ұстауға айына шамамен 500 мыңдай теңге кетеді.

Алматы еліміздегі ең көп субұрқақ орналасқан қала саналады. Егерде салыстыратын болсақ, Нұр-Сұлтанда - 73, Шымкентте - 23 субұрқақ қала тұрғындарына қуаныш сыйлап тұр.

@massagan_maskara
13 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 09:38:02
Жоғарғы сот әкелі-балалы Матаевтарды толық ақтады

Жоғарғы сот қазақстандық журналистер – Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады.

Судья олардың ақталғанын, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келген залал үшін өтемақы алуға құқығы бар екенін түсіндірді.

Айта кетейік, 2016 жылы Астананың Есіл аудандық соты "қаржы жымқырды", "салықтан жалтарды" деген айыппен Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевты бес жылға соттаған.

@massagan_maskara
21 views06:38
Ашу / Түсініктеме