Get Mystery Box with random crypto!

'Қайрат' клубының жүргізушісі жұмыстан неліктен қуылғанын түсі | Мәссаған... масқара!!!

"Қайрат" клубының жүргізушісі жұмыстан неліктен қуылғанын түсіндірді

"Қайрат" футбол клубының ойындарын үш жыл бойы қазақ тілінде жүргізіп келген Әділет Бисариев жұмыстан шығарылғанын жария етті.

Экс-комментатордың сөзінше, алматылық клуб басшылары мен клубтың демеушісі – 1Xbet букмекерлік кеңсесіне Бисариевтің қазақша сөйлегені жақпады.

"24 шілдеде "Қайрат" пен "Ақсудың" ойынына барғанмын. Маған ешкім жұмыстан шыққанымды ескертпеді. Маған қоңырау шалып, бүгін жүргізбейсің деді. Алдын ала ешнәрсе айтылған жоқ. Неге десем, сен бұдан былай бізде жұмыс істемейсің дейді. Стадионнан шығып, бас директор Асқар мырзаға барсам, ол 1Xbet-тен саған шағым түсті дейді", — деп бөлісті Әділет видоүндеуінде.

Әділет елдегі тіл мәселесін реттейтін құзырлы органдардан жауаптыларды жазаға тартуды сұрайды.

@massagan_maskara