Get Mystery Box with random crypto!

... Бұл сырды ұққан биенің иесі ғана: 'Мен білсем Ақжал мынаға | Кітап үзіндісі

... Бұл сырды ұққан биенің иесі ғана: "Мен білсем Ақжал мынаған шабуға намыстанып тұр. Оны биеге көзін байлап салайық" дейді. Содан Ақжалды аулағырақ әкетіп көзін байлайды да, биеге қайта әкеледі. Бұл жолы айғырлығын көрсетіп, биеге шабады. Түк ұқпаған Ақжалдың иесі ол ісін бітіріп болған кезде көзіндегі байлауды шешіп жібереді. Осы сәт өзінің не істегенін білген Ақжал екі аяғын көтере тебініп, күңірене кісінейді де тауға қарай шаба жөнеледі. Ұзақ шапқан Ақжал содан бір құздың басына шығып, жартастан өзін-өзі тастап жібереді.
– Ойпырмай, жануар, арада талай жыл өтсе де, өз анасын танып, оған шауып қойғанына қайсар адамдай қатты намыстанған текті жануар екен ау. Пай-пай, "Жылқының ақылдысында намыссыз адамнан артық ес, арлы өжеттік болады" деген рас екен-ау...

Момбек Әбдәкімұлы "Сүлеймен қарақшы"

@kitapuzindisi