Get Mystery Box with random crypto!

— Бір өзбек, бір орыс, бір қазақ болыпты. Үшеуі де арманшыл ек | Кітап үзіндісі

— Бір өзбек, бір орыс, бір қазақ болыпты. Үшеуі де арманшыл екен. Өзбек: шіркін, Айға барып, базар ашсам дейді. Орыс: орасан арақ зауытым болса деп армандайды. Қазақ: әйелім ұл тауып, шілдехана тойын жасасам; одан сәл өте бере бесік тойын жасасам; одан өте бере тұсаукесер тойы болса; одан өте бере сүндет тойын дүркіретсем; одан өте бере мектепке барған тойын, мектеп бітірген тойын; академияға түскен тойын, оны бітірген тойын өткізсем. Содан соң үйлену тойын бес жүз адам шақырып шуылдатсам... Не керек, қазақтың арманы: той, той, той.

Шерхан Мұртаза "Тәуекел той"

@kitapuzindisi