Get Mystery Box with random crypto!

Оптимист деген адамның көкесі Шәкәрімдей-ақ болар. Бірақ ол, к | Кітап үзіндісі

Оптимист деген адамның көкесі Шәкәрімдей-ақ болар. Бірақ ол, көріп отырмыз, "Мұтылған" деген терминді таңдаған. Неге? Мұның мәні терең. Қанды қанау ортада жүріп, өле-өлгенше қаламы қолынан түспеген ойшыл ақын расында да мұтылуды көксеген екен деген ой тумауға тиіс. Бұл сол кезгі заман ағымына орайлас айтылған нәрсе. Алда дәл 30 жылға созыларын білмесе де, әйтеуір, "үнсіздік" боларын көре білген сияқтанады. Сөйтіп, кемеңгердің аңсары менің жеке басым мен сүрген өмірім ұмытылса ұмытылар, бірақ қалдырған мұрам ұмытылмас дегенге саяды. Яғни ерте ме, кеш пе заман өзгереріне сенімі кәміл болған. Бәйге аларын да білген...

Асан Омаров "Шәкәрім өмірбаяны"

@kitapuzindisi