Get Mystery Box with random crypto!

Жалпы, Алла – әрқайсысымыздың жүрегімізде деген мәселе. Адамны | Кітап үзіндісі

Жалпы, Алла – әрқайсысымыздың жүрегімізде деген мәселе. Адамның арына, ұятына сену керек. Осы Аллаға сену ұлғайып барады-дағы жалпы сенім деген сезімді тудырады. Осыдан барып басқа сенім түрлері шығады: болашаққа сену, адамның белгілі бір қасиеттеріне бас иіп сену, адамға сену, баланың әкеге, әкенің балаға сенуі. Адамаралық күнделікті тұрмыста сенім дегенің адамға қуат беретін күш. Адам мен адамды жақындататын, адамды біріне-бірін танытатын, жақсыға сеніп, жаманға сенбеуді ажырату үшін де керек нәрсе бұл. Сондықтан иман деген нәрсе, иманжүзділік дегенің сеніммен байланысты. Діннің қуатты, күшті жері – адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу.

Мұхтар Арын "Бес анық"

@kitapuzindisi