Get Mystery Box with random crypto!

Кеңес дәуірлеген тұста пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалиссаламды құб | Кітап үзіндісі

Кеңес дәуірлеген тұста пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалиссаламды құбыжық қылып, мазақтап, жаратпайтындай жағдайға алып келді. Тіпті оның атын айтуға да қорқатын едік. Ал шындығында ол – үлкен ғалым адам. Оның артына қалдырып кеткен мұрасы – «Мыңбір хадисінде» қаншалықты ғалым екендігі айқын аңғарылады. Мысал үшін, ол ғылымды, білімді бірінші орынға қойған адам. Білім туралы хадисінде білім екі түрлі болады дейді, біреуі – жүректегі білім, ол өте пайдалы; екіншісі – тілдегі білім, ол таңда, тәқір алдында пенденің күнәсіне дәлел болады дейді. Сонда түсіне білген адамға құр әншейін, жүрекпен қабылдамаған нәрсені білім деп айтуға болмайды деп тұрған жоқ па; құр жаттанды нәрсе білім бола алмайды, ол тілде ғана бар, жүректе жоқ, жаттанды дүние. Кейінгі кезде жаттауға әуес боп кеттік, ақыл, ой, жүрек деген нәрселерді алып тастаймыз, біздің біліміміз тілдің ғана ұшында жүреді.

Мұхтар Арын "Бес анық"

@kitapuzindisi