Get Mystery Box with random crypto!

... Ол сені көп арасынан суырып алып, әмірші етті. Бірақ бұның | Кітап үзіндісі

... Ол сені көп арасынан суырып алып, әмірші етті. Бірақ бұның рақым, не жаза екенін ешкім айта алмайды. Өйткені, биліктің жолап кеткен адамның ырқын шырмап-матап тастайтын қасиеті бар. Билікке жету үшін асқан батырлықтың қажеті де жоқ. Көбінесе ол уысқа кездейсоқ түседі. Оны өзгенің қолына ерікпен беру ғана ерлік болып саналады. Барлығымыз Жаратқанның құлымыз. Ал ортамыздағы ең тәуелді, құлақ кестісі – патша. Сен құлдық пен биліктің арасы алшақ еместігін түсінуің керек. Пенделер әлемінде патшалар тумайды.

– Жоқ, шал. Алла әділ. Ол таққа отырғызу үшін ерік-жігерімді матап, ұзақ сынады, – деді Махмұтдин. Бар азабына төзіп, әмірін екі етпейтінге ғана билік беруге болатынын Жаратқан анық біледі.

– Билік қорқаққа керек, – Вэй жауап қайырды. – Ол өзін төмендететін ортадан сескенетін адамға ғана пайдалы. Бүгін Алла сені таққа отырғызды, ал ертеңгі күні өз шаштаразыңнан да үрейленетін бейшара күйге түсесің. Жазадан қашып құтылған патша аз.

Герольд Бельгер "Қазақ дәптері"

@kitapuzindisi